|   |  Жас төреші мектебі

Жас төреші мектебі

Астана қаласының футбол федерациясы Жас төрешілер мектебі біраз үзілістен кейін өз жұмысын 2015 жылдың 19 желтоқсанында қайта жаңғыртты. Жаңа жетекшісі болып ұлттық дәрежедегі төреші, ФИФА ассистенті Әлібек Әубәкіров тағайындалды.

Арбитрларды іріктеудегі басты мақсат – төрешілікке қабілетті жастарды іздеу, табу, іріктеу, сосын оларды тәрбиелеу, физикалық жаттығулар мен теориялық сабақтар арқылы шеберліктерін шыңдау. Осының барлығы Астана қаласындағы футбол турнирлерінде төрешіліктің жоғары дәрежеде болып, ойындардың әділ өтуіне септігін тигізеді. АФФ Жас төрешілер мектебі ФИФА мен УЕФА бекіткен стандарттарына сай жұмыс жүргізіп, Әуесқой, бұқаралық және балалар футболында («С» санаты), Қосалқы құрам турнирлері мен КФЛ кубогында («В» санаты), Бірінші лига ойындарында («А» санаты), Премьер-лига матчтарында («PRO» санаты), ФИФА және УЕФА додаларында қызмет ететін арбитрларды дайындауға үлес қосады.


ЖТМ принципі –

  • Төрешілікке қабілетті бозбалалар мен бойжеткендерді жинап, арбитрлікке баулу;

  • Астана қаласының футбол әуесқойлары арасындағы біріншіліктерінде қызмет ету үшін төрешілердің базалық дайындығын жетілдіру;

  • Футбол немесе футзал бағыттарында қызмет етуді таңдауға ықпал жасау;

  • Шет тілдерін міндетті түрде меңгеріп алуға кеңес беру;

  • Арбитрларды ҚФФ Төрешілер-нұсқаушылар департаментінің «Дарындар мен ұстаздар» ұлттық бағдарламасына ұсыну;

  • Төрешілердің физикалық және психологиялық ахуалдарын әрдайым бақылауда ұстап отыру;

  • Қатемен жұмыс (Ұжымдық және жекелей). ​