|  Дәріс

Дәріс

Қазақстан футболын дамытудың басты бағыттарының бірі – дәріс, яғни үйрету болып табылады. Біздің осы тараптағы басты борышымыз да сол – әуесқой футболға қатысы бар барша жандарды УЕФА және ФИФА талаптарына сай оқытып, үйрету. Осының нәтижесінде өзіміздің білікті мамандарымыз көптеп тәрбиеленіп, үлкен футболдың дамуына серпін бермек. Сондай-ақ, елордамызда әуесқой футбол жүйелі түрде дамып, жаһандық көшке адымдап ілесіп отыратын болады. Осыған байланысты 2015 жылдың басында Астана футбол федерациясы жаттықтырушыларды дайындаудың бағдарламасын оң жолға қойған-ды. Бүгінде төрешілер мен нұсқаушыларды дайындау бағдарламасы да жүзеге асырылып отыр. 2016 жылы біз дәрістемелік курстардың санын ұлғайтып, футбол сертификаттарын иеленіп шығатын мамандардың қатарын көбейтуді жоспарлап отырмыз.