Главная страница
 |   |   |  Ауырмайды жүрек, ауырмайды – қыздарымыз 0:19 есебімен ұтылмаса

Ауырмайды жүрек, ауырмайды – қыздарымыз 0:19 есебімен ұтылмаса

Ауырмайды жүрек, ауырмайды – қыздарымыз 0:19 есебімен ұтылмаса
Қазақстан-U19 – Словения-U19 ойынынан көрініс. Фото: kff.kz

Шымкентте 19 жасқа дейінгі қыздар арасындағы 2018 жылғы Еуропа чемпионатының 2-іріктеу тобының електік додасы аяқталды.

19 жасқа дейінгі қыздар арасындағы 2018 жылғы Еуропа чемпионатының електік додасы Шымкентте өтті. Нақтырақ айтқанда, 2-іріктеу тобына түскен құрамалар қазақ топырағында бақ сынады. Өкінішке қарай, Қазақстан-U19 құрамасының қарсыластары қарымды болып шықты.

Петр Пак жаттықтыратын қыздарымыз бірінші ойында Англия аруларымен кездесіп, 0:9 есебімен осырай ұтылды. Қонақтар соққыны қарша боратып, біздің қақпаны 39 рет нысанаға алды. Оның 14-і Екатерина Елисеева қорғаған қақпаға тура бағытталды. Ал біздің бойжеткендеріміз 90 минутта бір-ақ соққы бағыттай алды.

Қазақстан қыздары бұдан соң Словения сұлуларымен кездесіп, 0:4 есебімен тағы да жеңілді. Тағы да – 39 соққы! Бұл жолы 21-і тура бағытталды. Өздері қонақтардың қақпасын 4 рет қана нысанаға алды (үшеуі тура соққы). Біздің елдің бойжеткендері бірінші таймда дес бермегендерімен, ойынның екінші жартысында төрт гол жіберіп қойды.

Соңғы ойында Уэльс қыздарымен кездесті. Есеп – 0:6. Соққылар ара қатынасы – 3:26. Ал қақпаға тура бағытталған соққылар – 0:10. Сөйтіп, Қазақстан-U19 құрамасының қыздары үш ойында да ірі есеппен ұтылды. Жалпы есеп – 0:19. Өз жерімізде тым болмаса, бір гол соға алмағандары қынжылтады...

2018 жылғы Еуропа чемпионаты. 19 жасқа дейінгі қыздар. 2-іріктеу тобы

1-күн

Словения-U19 – Уэльс-U19 – 0:0
Қазақстан-U19 – Англия-U19 – 0:9 (0:4)
Қазақстан-U19: Елисеева, Ақшалова, Қожахмет, Жақсымбай, Серікбай (Смағұлова, 53), Садықова (Ақбаева, 74), Әмірбек, Жәутікова, Волкова, Низамутдинова (Шарапиденова, 79), Орынбасарова.

2-күн

Англия-U19 – Уэльс-U19 – 4:0 (1:0)
Қазақстан-U19 – Словения-U19 – 0:4 (0:0)
Қазақстан-U19: Портнова, Ақшалова, Қожахмет, Жақсымбай, Серікбай, Садықова (Иванюк, 51), Әмірбек, Низамутдинова (Флют, 68), Волкова, Шарапиденова (Жәутікова, 76), Орынбасарова.

3-күн

Англия-U19 – Словения-U19 – 1:0 (0:0)
Қазақстан-U19 – Уэльс-U19 – 0:6 (0:3)
Қазақстан-U19: Портнова, Ақшалова, Қожахмет, Жақсымбай, Серікбай (Қабылбаева, 46), Әмірбек, Низамутдинова (Флют, 68), Волкова, Шарапиденова (Садықова, 35), Ақбаева (Смағұлова, 64), Орынбасарова.


Тізімге қайта оралу