|   |   |  Бойжеткендер түсті додаға

Бойжеткендер түсті додаға

Бойжеткендер түсті додаға
Фото kff.kz сайтынан

Шымкентте футболдан 19 жасқа дейінгі қыздар арасындағы ел біріншілігі басталды. Сәуір айы басталғалы бірінші турдың ойындары өтіп жатыр.

Ел біріншілігінің алғашқы турында сегіз команда бақ сынап жатыр. Олар екі топқа тең бөлініп, үш ойыннан өткізіп шықты. Яғни топтық ойындары аяқталды. Ертең жартылай кездесулер өтеді.

Бірден айта кетейік, бойжеткендер арасындағы додаға негізінен аймақтардағы (облыстық) Балалар мен жасөпірімдер спорт мектебінің, сондай-ақ Олимпиадалық резервті балалар мен жасөпірімдер спорт мектебінің арулары қатысуда.

Сонымен топтық ойындардың қорытындысы:

«А» тобы

1. Ақтөбе ОБЖСМ №2 – 9 ұпай

2. Астана ЕАГИ – 6

3. «Оқжетпес» (Көкшетау) – 3

4. БИІК-2 (Шымкент) – 0

«В» тобы

1. ОРБЖСМ №7 БИІК (Шымкент) – 9

2. ОРБЖСМ №8 (Астана) – 6

3. Павлодар – 3

4. ОРБЖСМ (Ақтау) – 0

Ертең жартылай финалдық кездесулер өтіп, сегіз команда мына жұптарда додаға түседі:

5-8 орындар

БИІК-2 – Павлодар

«Оқжетпес» – ОРБЖСМ (Ақтау)

1-4 орындар

Ақтөбе ОБЖСМ – ОРБЖСМ №8

Астана ЕАГИ – ОРБЖСМ №7 БИІК

Сәрсенбі күні барлық командалар дем алады. Ал 7 сәуірде жартылай финалда жеңіске жектен командалар бірінші, үшінші, бесінші және жетінші орындарды сарапқа салады.

Тізімге қайта оралу