|   |   |  Әкесінен айырылған қыз алаңға шығып гол соқты

Әкесінен айырылған қыз алаңға шығып гол соқты

Әкесінен айырылған қыз алаңға шығып гол соқты
Қазақстан қыздары жеңіске жетті. Фото: kff.kz

Әйелдер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатының електік додасы аясында Израиль қыздарымен кездесіп, 1:0 есебімен басым түсті.

Бұл ойын Шымкентте өтті. Қазақстан қыздары 2017 жылғы Еуропа чемпионатының електік додасы аясындағы жетінші кездесуін Израиль құрамасымен өткізіп, VІІІ-топта алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Жалқы голды Мария Ялова соқты.

Матчтан кейін әйелдер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Калоян Петков тәжірибелі қыздармызды ерекше атап өтіп, бойжеткендерді де мақтады:

Бүгін біз әр түрлі себептерге байланысты негізгі құрамдағы алты қызымызды алаңға шығара алмадық . Кейбіреуі жарақаттарынан айығып үлгермесе, енді біреулері ескерту алып қалған болатын. Алайда олардың орындарын басқан бойжеткендеріміз өздеріне берілген мүмкіндікті пайдаланып, жеңіске жетуімізге үлес қосты.

Әйтсе де, жалғыз голды тәжірибелі ойыншымыз Мария Ялова соқты. Ол тіпті ерлік жасады. Осыдан бірер күн бұрын оның әкесі қайтыс болған болатын. Сонда да ол бүгін жасыл алаңға шығып, командаға жеңіс әперді.

Ал ойын жайлы айтар болсам, әрине қателіктеріміз көп болды. Соған қарамай біз жеңдік, маңыздысы да – осы. Бізге қазір рейтингтік ұпайлар керек. Осы жеңісіміздің арқасында бірер саты жоғары көтерілеміз деп ойлаймын.

Қазақстан – Израиль – 1:0

Гол: Ялова, 69.

Қазақстан: Саратовцева, Цеван, Демидова, Құлмағамбетова (Тұрлыбекова, 90+3), Красюкова, Ялова (Хацкевич, 89), Бортникова, Николаенко, Әйтімова, Хайрулина (Бекпенбетова, 63), Вильданова.

Израиль: Шамир, Равиц, Бар, Софер, Твиль, Фалкон, Фридман (Пеарль, 66), Саде, Баркюй, Сендел, Шахаф (Эфраим, 82).

VІІІ-топ

1. Норвегия – 13 ұпай (5 ойын)

2. Австрия – 13 (6)

3. Уэльс – 7 (5)

4. Қазақстан – 4 (7)

5. Израиль – 2 (5)

Тізімге қайта оралу