|   |   |  Қазақстан қыздары ФИФА рейтінгісінде екі саты жоғарылады

Қазақстан қыздары ФИФА рейтінгісінде екі саты жоғарылады

Қазақстан қыздары ФИФА рейтінгісінде екі саты жоғарылады
Фото kff.kz сайтынан

Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасы өткен жылдың аяғында ФИФА рейтінгісінде екі саты жоғарылады.

Футболшы қыздарымыз Халықаралық футбол федерациясының желтоқсан айында түзілген рейтінгісінде 71-орынға көтерілді.

Осы ретте айта кетейік, Калоян Петков пен Айтбай Жамантаев жаттықтыратын Қазақстан қыздары 2017 жылғы Еуропа чемпионатының електік додасында 8-топта бақ сынайды. Қарсыластары – Австрия, Норвегия, Уэльс және Израиль қыздары. Әзірше футболшы қыздарымыз осы топтағы сегіз ойындарының тең жартысын өткізді.

Өкінішке қарай, осы төрт ойынның үшеуінде жеңілістің кермек дәмін татты. Атап айтқанда, өз жерімізде Норвегия және Австрия аруларына есе жіберіп алып, түзде Уэльс қыздарынан ұтылып қалды. Есесіне, Тель-Авивтің іргесіндегі Лод қаласында Израиль құрамасымен 0:0 есебімен тең түсті.

Футболшы қыздарымыз 2017 жылғы Еуропа чемпионатының електік додасы аясындағы қалған төрт ойынын 6 сәуірден бастап, 15 қыркүйекке дейін өткізеді.

Тізімге қайта оралу