|   |   |  Бойжеткендеріміз бозбалаларымыздың есесін қайтарды

Бойжеткендеріміз бозбалаларымыздың есесін қайтарды

Бойжеткендеріміз бозбалаларымыздың есесін қайтарды
Фото kff.kz сайтынан

УЕФА-ның 17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы «Даму кубогында» Қазақстан арулары  Люксембург бойжеткендерінен пенальтиде басым түсті. Есеп – 4:2.

Македония астанасы Скопьеде дәстүрлі халықаралық турнир аяқталды. Әуелі бозбалалар додаға түскен болаты. Онда Қазақстан U-17 құрамасы қарсыластырының бәріне есе жіберіп алып, соңғы (төртінші) орынға табан тіреген болатын.

Іле-шала бойжеткендер арасында да тура осындай дода өтті. Онда Қазақстан қыздары үшінші орынды иеленді. Люксембург U-17 құрамасын ұтып, бозбалаларымыздың есесін қайтарды.

Алайда ойынның негізгі уақытында есеп ашылмай, бұл кездесу тең аяқталды. Матч соңындағы пенальти соғу сайысында қазақ қыздары мергендік танытты. Есеп – 4:2.

Біздің құрама сапынан Карина Әділханова, Айдана Серікбай, Анастасия Низамутдинова және Ольга Волкова сынды аруларымыз пенальтиден мүлт кеткен жоқ.

Қазақстан U-17 – Люксембург U-17 – 0:0 (пенальтиден – 4:2)

Қазақстан U-17: Алмасбай, Жақсыбай, Флют, Садықова, Аруова, Низамутдинова, Әділханова, Ақбаева (Волкова), Смағұлова (Скуфина), Төлегенова (Серікбай), Жасұлан (Багули).

Скопье. Македония. УЕФА «Даму кубогы – 2016».

Ойын нәтижелері:

23 сәуір, 2016 жыл

Украина – Люксембург – 4:3

Македония – Қазақстан – 5:2

25 сәуір, 2016 жыл

Украина – Қазақстан – 3:3 (пенальтиден – 3:1)

Македония – Люксембург – 3:2

27 сәуір, 2016 жыл

Македония – Украина – 0:2

Люксембург – Қазақстан – 0:0 (пенальтиден – 2:4)

Қорытынды кесте

1. Украина – 8 ұпай

2. Македония – 6

3. Қазақстан – 3

4. Люкембург – 1

Тізімге қайта оралу