|   |   |  Бойжеткендеріміз Украина қыздарымен тең түсті

Бойжеткендеріміз Украина қыздарымен тең түсті

Бойжеткендеріміз Украина қыздарымен тең түсті
Фото kff.kz сайтынан

17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы «Даму кубогында» Қазақстан құрамасы екінші ойынын өткізіп, матчтың негізгі уақытында Украина бойжеткендерімен тең түсті.

Македония астанасы Скопьеде өтіп жатқан УЕФА-ның дәстүрлі «Даму кубогы» додасында екінші турдың ойындары өтті. 17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы халықаралық турнирдің бір кездесуінде алаң иелері Люксмебург бойжеткендерінен 3:2 есебімен басым түсті.

Екінші матчта Қазақстан және Украина қыздары кездесіп, бұл ойын да аса тартысты өтті. Есепті біздің Анастасия Низамутдинова ашып, Қазақстан бойжеткендерінің капитаны тағы бір гол соғып, есепті еселей түсті. Алайда, Украина қыздары жанкешті екен, бірінші таймның аяғына дейін таразы басын теңестіре алды.

Екінші таймда Әсем Жақсыбай Қазақстан құрамасын тағы алға шығарғанымен, Украина арулары матч соңына дейін есепті теңестірді. Сөйтіп, ойынның негізгі уақыты 3:3 есебімен тең аяқталып, жеңімпазды анықтау үшін пенальтиге жүгінуге тура келді. Ал мұнда Украина қыздары шеберлік танытып, басым түсті.

Әйтсе де, Роман Заев жаттықтыратын қыздарымыз «Даму кубогында» қоржындарына алғашқы ұпайды салып, үшінші орынға көтерілді. Енді олар екі ойында да ұтылып қалған Люксембург U-17 құрамасымен кездеседі.

Қазақстан U-17 – Украина U-17 – 3:3

Голдар: Низамутдинова – 2, Жақсыбай

Қазақстан: Алмасбай (Исмаилова), Жақсыбай, Флют, Иванюк (Смағұлова), Садықова, Ақбаева (Скуфина), Төлегенова, Серікбай (Серғали), Низамутдинова, Волкова (Багули), Жасұлан (Әділханова).

Тізімге қайта оралу