|   |   |  АҚШ-тағы Багулли Бәтия қазақтың намысын қорғайды

АҚШ-тағы Багулли Бәтия қазақтың намысын қорғайды

АҚШ-тағы Багулли Бәтия қазақтың намысын қорғайды
Фото kff.kz сайтынан

17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Қазақстан құрамасы 22-28 сәуір аралығында Македонияда өтетін УЕФА-ның «Даму кубогына» қатысады.

Скопьеде өтетін халықаралық додаға Қазақстан қыздарымен бірге Украина, Македония және Люксембург бойжеткендері қатысады екен. Бұл ақпаратты Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты таратты.

Естеріңізге сала кетейік, бозбалалар арасында да тура осындай турнир Македония астанасында өтіп жатыр. Бүгін – соңғы күн. Қазақстан жеткіншектері Люкембургтен келген құрдастарымен кездеседі. Бұған дейін Украина және Македония өрендерінен ұтылып қалған.

Бойжеткендер арасындағы «Даму кубогына» оралар болсақ, Роман Заев жаттықтыратын қыздар құрамасы Еуропаға мына құрамда аттанды:

қақпашылар – Назым Исмаилова (Шымкент), Дана Алмасбай (Астана);

қорғаушылар – Айша Садықова (Шымкент), Әсем Жақсыбай (Ақтөбе), Ангелина Флют (Шымкент), Надежда Иванюк (Шымкент);

жартылай қорғаушылар – Інжумаржан Серғали (Ақтөбе), Айдана Серікбай (Шымкент), Дана Төлегенова (Павлодар), Әсемгүл Аруова (Астана), Рано Ақбаева (Ақтөбе), Аида Смағұлова (Астана), Анастасия Низамутдинова (Шымкент), Виктория Скуфина (Шымкент), Ольга Волкова (Шымкент);

шабуылшылар – Әнел Жасұлан (Көкшетау), Карина Әділханова (ШҚО), Багулли Бәтия Рейзел (Калифорния, АҚШ).

Ойындар кестесі:

23 сәуір

Украина – Люксембург

Македония – Қазақстан

25 сәуір

Украина – Қазақстан

Македония – Люксмебург

27 сәуір

Люксембург – Қазақстан

Македония – Украина

Тізімге қайта оралу