|   |   |  Қазақстан құрамасы тоғыз саты көтерілді, ал қырғыздар үздік жүздікте

Қазақстан құрамасы тоғыз саты көтерілді, ал қырғыздар үздік жүздікте

Қазақстан құрамасы тоғыз саты көтерілді, ал қырғыздар үздік жүздікте
Қазақстан құрамасы 116-орында

Бүгін ФИФА ұлттық құрамалардың жаңа рейтингін жариялады. Наурыз айында екі сәтті кездесу өткізген Қазақстан ұлттық құрамасы тоғыз сатыға жоғары өрледі.

Алдымен Әзірбайжанды жеңіп, арада үш күн өткеннен кейін Грузиямен тең түскен Қазақстан ұлттық құрамасы 125 орыннан 116 сатыға дейін көтерілген. Иә, жаман нәтиже емес. Талғат Байсуфинов пен Нүркен Мазбаев бастаған бапкерлер алқасы ФИФА рейтінгіндегі жағдайымызды едәуір жақсартты. Еншімізде қазір тұп-тура 300 ұпай бар. Мұндай көрсеткішке сонау 2007 жылдан бері қол жеткізе алмай келген едік. Ал ең жоғарғы көрсеткішіміз 2001 жылға тиесілі. Сол жылы ұлттық құрамамыз 98-орында аяқтаған болатын. Бірақ ол кезде Азия құрамында едік.

Біз 116-шы орынға масаттанып жүргенімізде айыр қалпақты ағайындарымыз өз тарихында тұңғыш рет үздік жүздікке енді. Наурыз айында Бішкекте өткен Challenge кубогы (Азияның футболы әлсіз дамыған елдері арасындағы турнир) іріктеу кезеңінде Макао, Пәкістан және Тәжікстан құрамаларын кезек-кезегімен 1:0 есебімен ұтып, ФИФА рейтингінде бес сатыға жоғары көтерілді. Қазір олар Азия бойынша 12-ші, ТМД елдері арасында 9-орында. Бізден әлдеқайда жоғары. Енді 2016 жылдың соңына дейін Қырғызстан футбол федерациясы сегіз жолдастық кездесу өткізуді жоспарлауда. Оның алтауын өз алаңында қабылдаса, екеуін түзде өткізбек. Бір кездесуі бізге қарсы. Ол кезде бас бапкеріміздің кім болары әлі белгісіз. Бірақ 30 тамыз күні ұлттық құрамамыз Бішкекке қонаққа барады.

Ал жалпы ФИФА рейтингінде көшбасшы өзгерген. Өткен жылдың қарашасынан бастап бес ай бойы тізгінді ешкімге бермеген Бельгия құрамасын 3-орынға дейін төмен сырғып, көш басына Лионель Месси бастаған Аргентина құрамасы жайғасты. Екінші орында «Неміс машинасы».

FIFA рейтингі (07.04.2016 ж.)

1 (2). Аргентина — 1532 ұпай

2 (1). Бельгия — 1352

3 (5). Чили — 1348

4 (8). Колумбия — 1337

5 (4). Германия — 1309

6 (3). Испания — 1277

7 (6). Бразилия — 1251

8 (7). Португалия — 1184

9 (11). Уругвай — 1158

10 (9). Англия — 1069

19 (16). Румыния) — 922*

22 (27). Украина — 880

27 (31). Польша — 821*

27 (23). Ресей — 821

41 (40). Дания — 686*

94. (84). Черногория — 365*

66 (74). Өзбекстан — 549

77 (64). Беларусь — 465

93 (88). Эстония — 366

100 (105). Қырғызстан — 340

108 (98). Латвия — 323

110 (116). Армения — 316*

116 (125). Қазақстан — 300

123 (122). Грузия — 289

128 (113). Түркменстан — 277

134 (112). Әзірбайжан — 269

139 (128). Литва — 254

156 (156). Молдова — 181

164 (150). Тәжікстан — 149.

*Ескерту: Жұлдызшамен (*) белгіленгендер Қазақстан ұлттық құрамасының 2018 жылғы әлем чемпионаты іріктеу додасындағы қарсыластары.

Тізімге қайта оралу