|   |   |  Жас футболшыларымыз Азияда әлі ұтылып жүр

Жас футболшыларымыз Азияда әлі ұтылып жүр

Жас футболшыларымыз Азияда әлі ұтылып жүр
Фото fft.tj сайтынан

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Тәжікстанда осы елдің 16 жасқа дейінгі жас жеткіншектерден жасақталған құрамасынан ұтылып қалды. Есеп – 1:2.

Тәжікстан футбол федерациясының ресми сайты өз елдерінің 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Қазақстан бозбалалаларымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жеткендігін жариялады. Әрі алаңға 2000 жылдан кейін туған жас таланттары шыққандығын анық жазды.

Ал біздің федерация осыдан бірер күн бұрын Тәжікстанға 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасының аттанғанын жариялаған. Әрі екі рет долдастық кездесу өткізетіндіктерін де мәлімдеген. Бірақ, Тәжікстанға біздің де 16 жасқа дейінгі жеткіншектеріміз барды.

Тек Қазақстан U-16 құрамасын тәжіктің Бободжон Гафуров ауданында өткен матчқа еліміздің 17 жасқа дейінгі жеткіншектері құрамасының аға жаттықтырушысы Александр Кузнецов бастап барды. Бұл – түсінікті. Жас бапкер алдағы жауапты сындарды ойлап, 16 жастағы бозбалаларды қазірден бастап шыңдауға кірісті.

Өкінішке қарай, біздің бозбалалаларымыз Тәжікстан таланттарынан ұтылып қалды. Тәжікстан футбол федерациясының ресми сайты «бұл кездесу өте тартысты өтті» деп жазыпты. Әйтсе де, ойын қаншалықты тартысты өтсе де, еліміздің жас футболшыларының Памир үстіртінде ұтылып қалулары алаңдатады...

Ертең Тәжікстан және Қазақстан бозбалалары Бободжон Гафуров ауданындағы «Хистеварз» стадионында қайта кездеседі. Бәлкім, жас жеткіншектеріміз есе қайтарып, көңілімізді орнына түсірер...

Тәжікстан (U-16) – Қазақстан (U-16) – 2:1

Голдар: Денис Красноперов, 14 (0:1). Фаридун Неъматов, 16 (1:1). Тохир Малодустов, 19 (2:1).

Тәжікстан (U-16): Рустам Давлатов, Султоншо Мирзоев, Хувайдо Малиев, Манучехр Сафаров, Хусейн Нурматов, Фаридун Неъматов, Шервони Мабатшоев (Саидмухтор Азимов, 55), Далер Ёдгоров, Рамз Амрохонов, Тохир Малодустов, Мубинджон Муминов (Комрон Алиев, 52).

Қазақстан (U-16): Владислав Саенко, Санжар Әйтім (Арыстанбек Мұқашов, 31), Әлім Ілиясов, Сағи Совет, Руслан Махан (Вадим Сидоров, 54), Сұлтан Сағынаев, Андрей Ульшин, Лев Скворцов, Денис Красноперов, Арман Кеңесов, Дінмұхамед Қашкен.

Матчтың үздік ойыншысы: Фаридун Неъматов (Тәжікстан).

Бас төреші: Хуршед Дадобоев (Худжанд, Тәжікстан).

Тізімге қайта оралу