|   |   |  Ұлттық құраманы отандық бапкерлер дайындайды

Ұлттық құраманы отандық бапкерлер дайындайды

Ұлттық құраманы отандық бапкерлер дайындайды

Қазақстан футбол федерациясынан екі айдай сарыла күткен жаңалығымыздың шет жағасы бүгін белгілі болды. Ұлттық құрамамызды алдағы оқу-жаттығу жиынына отандық бапкерлер дайындайтын болыпты.

Қазақстан ұлттық құрамасы 21 наурыз күні Алматының іргесіндегі «Талғар» базасында жиналады. Іле-шала жыл сайынғы оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Түркияға жол тартады.

Бекітілген жоспар бойынша 26 наурыз күні Әзірбайжан құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.

Ал 27 наурызда дайындық барысын пысықтау үшін Тбилисиге ұшады. Өзара келісім бойынша 29 наурыз күні Грузия футболшыларымен де жолдастық кездесу өткізу жоспарланған.

Осы оқу-жаттығу жиыны мен жолдастық кездесулерге Қазақстан ұлттық құрамасын Талғат Байсуфинов, Нүркен Мазбаев, Юрий Новиков және Андрей Феропонтов сынды өз мамандарымыз дайындайтын болыпты.

Тізімге қайта оралу