|   |   |  Садуов кетті, Әбдуәлиев келісті, Масудов келді

Садуов кетті, Әбдуәлиев келісті, Масудов келді

Садуов кетті, Әбдуәлиев келісті, Масудов келді

Бүгін Қазақстан футбол федерациясында еліміздің жасөспірімдер және жастар құрамасының бапкерлері бекітілді.

Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты әуелі 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Ойрат Садуовтың қызметінен босатылғанын жариялады.

Көп ұзамай, бұл қызметке С.Әбдуәлиевтің тағайындалғаны мәлім болды. Ал Серік Қайыркенұлы бұған дейін Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы болған. Яғни ол жастарды емес, 19 жасқа дейінгі жасөспірім футболшы жігіттерімізді жаттықтыруға келіскен.

Ал жастар құрамасына елімізге танымал һәм тәдірибелі маман Вахид Масудов бекітілді.

Вахид Юнусович – «Қайрат», «Тараз», «Шахтер», «Восток», «Ақтөбе», «Жетісу», «Атырау», «Ордабасы» сынды азулы клубтарда, сондай-ақ ЦСКА, «Астана-1964», «Локомотив» сынды көпшілік көзінен таса бола бастаған командаларда бас бапкер болып, ысылған маман. Сонымен қатар, 2001-2002 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болған.

Масудовқа тағы да үлкен сенім артылып отыр. Енді ол жастар құрамасын 2017 жылғы Еуропа чемпионатының електік додасына дайындайды.

Тізімге қайта оралу