|   |   |  Ерлан Қожағапанов: Ұлттық құраманың мақсаты – әлем чемпионатына жолдама алу

Ерлан Қожағапанов: Ұлттық құраманың мақсаты – әлем чемпионатына жолдама алу

Ерлан Қожағапанов: Ұлттық құраманың мақсаты – әлем чемпионатына  жолдама алу
Фото kff.kz сайтынан

ҚФФ президентінің мәлімдемесі – міне, осындай. Қазекем айтқандай, «аузыңызға – май» дегіміз келеді. Шынымен үлкен жетістіктерге қол созатын деңгейге жеттік пе, әлде "атың шықпаса, жер өртенің" кері ме...

Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтында аталмыш ұйым басшысы Ерлан Қожағапановтан алынған сұхбат жарияланды. Онда ҚФФ президенті ұлттық құрама мен бірер күнде жарияланатын бас бапкерге «қойылатын мақсат – әлем чемпионатының финалдық додасына шығу» екендігін мәлімдепті.

Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкеріне қойылатын мақсат өте қарапайым және қысқа болады – Ресейде өтетін әлем чемпионатына бару! Әрі саяхатшылар ретінде емес, әлем чемпионатына қатысушылар мәртебесінде! Жаңа бас бапкердің келісім-шартында оның жалақысы да алдына қойылған мақсатты орындауына тікелей байланысты болып бекітіледі. Біз көрсеткен нәтижеміздің жауапкершілік жүгін өзімізбен бөлісуге келісетін амбициялы бапкерді іздестіріп жатырмыз

Бұл жерде біз өз тобымызда Еуропа футболының бірде-бір көшбасшысы жоқ екендігіне иек артып отырған жоқпыз. Бәсекелестік стратегиясы жағынан қарағанда, бұл – тіпті, жаман да. Қазақстан құрамасымен өтетін ойындардың бәрінде олардың әрқайсысы фаворит болады. Тіпті Армения құрамасы да оңай шағылатын жаңғақ емес, сондықтан қиын болады, – деген Ерлан Тоқтарханұлы.

ҚФФ президентінің мәлімдемесі – міне, осындай. Қазекем айтқандай, «аузыңызға – май» дегіміз келеді. Айтқаныңыз келсін. Шынымен үлкен жетістіктерге қол созатын деңгейге жеттік пе, әлде «атың шықпаса, жер өртенің» кері ме, оны уақыт көрсетер...

Тек ҚФФ басшысының бұл мәлімдемесі айтылған күйінде «желге ұшып» кетпесе болғаны. Өйткені біздің футболда мұндай жағдай болған. Осыдан бірер жыл бұрын сөз жүзінде 2016 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық додасына «шыққанбыз»...

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылғы әлем чемпионатының електік додасында Қазақстан ұлттық құрамасы Румыния, Дания, Польша, Црна Гора және Армения футболшыларымен «Е» тобында бақ сынайды. 

Тізімге қайта оралу