|   |   |  Жастар құрамасы жігерімізді құм қылды

Жастар құрамасы жігерімізді құм қылды

Жастар құрамасы жігерімізді құм қылды
Қазақстан және Қырғызстан жастар құрамасы. Фото com-cup.com сайтынан алынды

Футболдан Нева жағалауында өтіп жатқан «Достастық кубогы – 2016» додасында Қазақстан жастар құрамасы үш ойында да жеңіске жете алмай, өз тобында соңғы орынмен шектелді.

«А» тобына түскен Қазақстан жастар құрамасының қарсыластары да деңгейлері өздерімен шамалас командалар еді. Әу баста жастарымыздың Беларусь, Молдова және Қырғызстан құрамаларымен бір топқа түскенін естігенде, «бұл төрттікте кемі екінші болады ғой» деп қуанғанбыз. Өкінішке қарай, іс жүзінде олай болмай шықты. Серік Әбдуәлиев жаттықтыратын Қазақстан жастар құрамасы «А» тобында соңғы орынға табан тіреді.

21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы Санкт-Петербургтегі халықаралық доп додасын Молдова таланттарымен бастап, 0:1 есебімен ұтылып қалды. Бұдай кейін Беларусь жастарымен кездесіп, 0:0 есебімен тең түсті.

Алғашқы екі ойыннан бір-ақ ұпай еншілесе де, соңғы матчтың алдында «А» тобында екінші орынға ие болып, жүлдеге таласу мүмкіндігі бар еді. Ол үшін Қырғызстан жастарын екі доп айырмасымен ұту керек болатын.

Бірақ Қазақстан жастар құрамасы қырғыз бауырларымыздың бозбалаларын екі доп айырмасымен ұта алмады. Тартысты матч 2:2 есебімен тең аяқталды. «Достастық кубогының» биылғы додасындағы алғашқы голдарымызды Куксин мен Тұңғышбаев соқты.

Осылай, үміт артқан жастарымыз өз тобында соңғы болып, енді 7-орын үшін Тәжікстан футболшыларымен кездесетін болды. Ал қырғыз бауырларымыздың аяқдопшылары Эстония құрамасымен қола жүлдеге таласады.

«А» тобы

Молдова – 6 ұпай

Қырғызстан – 4

Беларусь – 4

Қазақстан – 2

«В» тобы

Ресей – 9

Эстония – 6

Латвия – 3

Тәжікстан – 0

Тізімге қайта оралу