|   |   |  Қонысбаевты Қытай медицинасы емдей алмады...

Қонысбаевты Қытай медицинасы емдей алмады...

Қонысбаевты Қытай медицинасы емдей алмады...
Villa Stuart Sports Clinic ғимараты. Фото: villastuart.it

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Ұлан Қонысбаевұа Италияда екінші рет ота жасалыпты.

7 маусым күні Қытай және Қазақстан құрамалары арасындағы жолдастық кездесуде жарақаттанып қалған Ұлан Қонысбаев Италияда емделіп жатыр. Оған ФИФА-ның атақты Villa Stuart Sports Clinic емханасында екінші рет ота жасалыпты. Әрі инфекция табылған...

Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов бұл жөнінде өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасы арқылы мәлімдеме жасады:

Өкінішке қарай, атақты Қытай медицинасы Ұлан Қонысбаевтың толық емдеу курсын жүргізе алмады. Италияға келгеннен кейін біздің ойыншыдан инфекция табылды. Алдағы уақытта Ұлан Қонысбаев үш апта емдеу курсынан өтеді. Кейін сауықтыру курсы белгіленеді. Италиялық мамандар Ұлан бауырымыздың ем-домын толық бақылауға алды. Алла қаласа, енді тек жақсы жаңалықтар күтеміз!

Ал Ұлан Қонысбаевтың өзі Instagram-дағы жеке парақшасына таңертең ішетін асының суретін салып, былай деп жазды:

 

Италия астанасы Рим қаласындағы "Вилла Стюарт" ауруxанасындағы – таңғы ас. Кеше аман-есен аяғыма екінші рет ота жасалды. Аттилио Сантуччи есімді профессор жасады. Толық ақпарат алдағы күндері белгілі болады. Қазақ еліне жалынды сәлем!

Айналасы екі аптаның ішінде екі рет ота жасалған Ұлан Қонысбаевқа сабырлық тілейміз. Италияның білікті мамандарының емі шипасын беріп, жарақатынан толық айығып кетуіне тілектеспіз.  

Тізімге қайта оралу