|   |   |  "Қайрат" өз ойыншыларын Қазақстан құрамасына жібермейтін болды

"Қайрат" өз ойыншыларын Қазақстан құрамасына жібермейтін болды

"Қайрат" өз ойыншыларын Қазақстан құрамасына жібермейтін болды
"Қайрат" футбол клубының үндеуі. Фото: fckairat.kz

"Қайрат" футбол клубы өз футболшыларын Қазақстан ұлттық құрамасының сапына жібермейтіндігі туралы ресми үндеу жариялады.

Бұл туралы Алматы клубы өзінің ресми сайтында төмендегідей мәлімдемелер жарық көрді:

«Қайрат» ФК өзінің ойыншыларының 7 маусым күні Қытай құрамасымен өтетін жоспарланбаған жолдастық кездесуге қатысуынан бас тартуға мәжбүр болып отыр. Бұл шешім мына объективті маңызды себептермен келісілді:

1. Футболдан 2016 жылғы Қазақстан чемпионаты күнтізбесінің тұтастығы мен құрылымы өрескел бұзылды;

2. Жолдастық кездесу өткізілетін күн, яғни 7 маусым – Еуропаның ұлттық құрамалары үшін FIFA-ның ресми күні емес;

3. Жолдастық кездесу өткізілетін күн Қазақстан КФЛ (Кәсіпқой футбол лигасы) кеңесінің басқосуына дейін, клубтармен жөнді түрде келісіп алмай белгіленді;

4. Ұлттық құрамада бас бапкер әлі жоқ, бұл осы матчтың спорттық тұрғыда стратегиялық мақсатына күмән келтіреді;

5. Қазақстан КФЛ жалпы жиналысын өткізу барысында жарғылық және әдептік қағидалар (ел чемпионаты турларын ауыстыру талқыланғанда, күнтізбе өзгертілгенде және ҚКФЛ президентін жаңадан сайлау барысында бірнеше мәрте) бұзылды, бұл ҚФФ президентінің қылықтарын құқықтық бағалау үшін 2016 жылдың 23 мамырында Клубтың прокуратураға жүгінуімен ұласты.

«Қайрат» футбол клубы ашық түрде мәлімдейді, біздің Клуб ұлттық құраманың жолдастық  кездесулер өткізуін қолдайды, футболды дамыту үшін оның қаншалықты маңызды және мәні зор екенін түсінеді, бірақ біз демократиялық қоғамның заңдарын белден басып, бірнеше мәрте бұзу арқылы жүзеге асырылуына – түпкілікті қарсымыз. Бұл жағдай Қазақстан футболын басқарудың барлық жүйесіне нұқсан келтіреді және сенімге селкеу түсіреді.

Біз осы үндеумен еліміздегі барлық субъектілер арасындағы (Федерациямен, Лигамен, клубтармен, футбол қоғамымен, орасан зор жанкүйерлер қарасымен)  өзара қатынас жүйесін түбегейлі өзгертуге талпынамыз, футбол Қазақстанда қағидалы тұрғыда жаңа сапалы деңгейге көтерілгенін қалаймыз.

Тізімге қайта оралу