|   |   |  Қазақстан ұлттық құрамасы Қытай футболшыларымен кездеседі

Қазақстан ұлттық құрамасы Қытай футболшыларымен кездеседі

Қазақстан ұлттық құрамасы Қытай футболшыларымен кездеседі
Фото kff.kz сайтынан

Қазақстан ұлттық құрамасы 7 маусым күні Қытай Халық Республикасы футболшыларымен жолдастық кездесу өткізеді.

Қазақстан футбол федерациясы бұл ақпаратты ресми түрде бүгін мәлімдеді. Ал Қытай футбол федерациясы бұл мәліметті кеше жариялап қойған. Екі елдің футболшылпары арасындағы жолдастық кездесу маусым күні Далянь (ҚХР) қаласында өтеді екен.

ҚФФ ресми сайты «федерациялар арасындағы келісімге сәйкес, матчты ұйымдастыру барысындағы барлық шығындарды, сонымен қатар Қазақстан делегациясының арлы-бері жолы мен жатын-орнын және басқа да шығындарын Қытай тарапы төлейді» деп жазып отыр.

Осыған орай, Қазақстан ұлттық құрамасы келісілген жолдастық кездесуге дайындалу үшін 3-8 маусым аралығында жаттығу жиынын өткізетін болыпты. Ол үшін Қазақстан чемпионатының премьер-лигадағы ойындары кейінге шегерілуі керек екен.

Бұл ретте, Қазақстан футбол федерациясы тіпті «14-турдың матчтары 4 маусымнан 2 маусымға жылжытылады, ал 15-тур ойындары 8 маусымнан кеш мерзімге шегеріледі. Тиісті шешім Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының 18 мамыр күні өтетін кеңесінде қабылданады» деп жазған...

Сөз соңында естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың 7 сәуіріне дейінгі мәліметке сай, Қытай құрамасы ФИФА рейтингінде 81-орында тұр.

Тізімге қайта оралу