|   |   |  ФИФА рейтингісінде өзбектер мен қырғыздарға маңайлай алар емеспіз

ФИФА рейтингісінде өзбектер мен қырғыздарға маңайлай алар емеспіз

ФИФА рейтингісінде өзбектер мен қырғыздарға маңайлай алар емеспіз
Фото kff.kz сайтынан

ФИФА ұлттық құрамалар арасындағы ай сайынғы рейтингті жаңғыртты. Мамыр айындағы тізімде Қазақстан құрамасы бір саты төмен сырғыпты.

Өткен айда 125-орыннан 116-орынға дейін көтерілген Қазақстан құрамасы мамырдағы тізімде бір саты төмен ығысқан. Қазір – 117-орында.

Ал өзбектер 66-орыннан, қырғыздар 100-орыннан тапжылмай тұр. Бізден Эстония мен, Латвия да, Армения мен Оман да, Филлиппин мен Кения да, Сирия мен Ирак та, ұзын-ырғасы 116 ел озып кеткен...

ФИФА рейтингі. Мамыр

1 (1). Аргентина – 1532 ұпай
2 (2). Бельгия – 1364
3 (3). Чили – 1353
4 (4). Колумбия – 1337
5 (5). Германия – 1309
6 (6). Испания – 1277
7 (7). Бразилия – 1261
22 (22). Украина – 880
27 (27). Ресей – 821
66 (66). Өзбекстан – 549
77 (77). Беларусь – 465
93 (93). Эстония – 366
98 (99). Оман – 346
100 (100). Қырғызстан – 342
104 (105). Ирак – 333
107 (108). Латвия – 323
110 (110). Армения – 316
117 (116). Қазақстан – 300
123 (123). Грузия – 289
127 (128). Түркіменстан – 277
133 (134). Әзірбайжан – 269
138 (139). Литва – 254
156 (156). Молдова – 181
164 (164). Тәжікстан – 150


Тізімге қайта оралу