|   |   |  Бозбалаларымыз “Даму кубогында” Украинадан да ұтылды

Бозбалаларымыз “Даму кубогында” Украинадан да ұтылды

Бозбалаларымыз “Даму кубогында” Украинадан да ұтылды
Фото kff.kz сайтынан

Македонияда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы “Даму кубогында” Қазақстан бозбалалары Украина ұландарымен кездесіп, 0:1 есебімен ұтылып қалды.

Бүгін 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Македония астанасы Скопьеде өтіп жатқан «Даму кубогы» додасында екінші ойынын өткізді. Бірден айта кетейік, аталған доп додасына қатысып жатқан құрама командалардың бапкерлері алдағы жауапты сындарды ойлап, 16 жастағы бозбалаларын шыңдауды жөн санаған.

Ал Қазақстан жеткіншектерінің екінші ойынына келер болсақ, Александр Кузнецовтің шәкірттері бүгін Сергей Попов жаттықтыратын Украина ұландарымен додаға түсіп, 0:1 есебімен ұтылып қалды. Жалғыз голды екінші таймның басында, 46-минутта Харжевский пенальтиден соқты.

Бұл ойынды U-17 құрамасы мына құрамда бастады: Медведев, Қашкен, Совет, Әйтім, Ілиясов, Махан, Сағынаев, Ульшин, Жақыпбаев, Скворцов, Қайыркенов.

Естеріңізге сала кетейік, «Даму кубогының» алғашқы күні Қазақстан бозбалалары алаң иелері Македония өрендерімен кездесіп, ойынның негізгі уақытында 0:0 есебімен тең түскен болатын. Алайда матчтан кейінгі пенальти соғу сайысында, МФФ (Македония футбол федерациясының) ресми сайты жазған ақпаратқа сенсек, 3:5 есебімен ұтылып қалды (Ал Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты 3:4 деп жазды).

Сонымен, футболшы жеткіншектеріміз Скопьеде екінші рет ұтылды. 21 сәуір күні соңғы ойынын Люксембург өрендерімен өткізеді.

Тізімге қайта оралу