Главная страница
 |   |   |  Әлібек Бөлешевтің Қазақстан премьер-лигасындағы 100 голы

Әлібек Бөлешевтің Қазақстан премьер-лигасындағы 100 голы

Әлібек Бөлешевтің Қазақстан премьер-лигасындағы 100 голы
Әлібек Бөлешев ХХVІІ турда 100-голын соқты. Фото: okzhetpes.kz

ХХVІІ турдағы «Шахтер» мен «Оқжетпес» арасындағы ойында Әлібек Бөлешев Қазақстан премьер лигасындағы 100-голын соқты.

Бұл ойында «Оқжетпес» ұтылып қалды. Әйтсе де, ойыннан кейін Көкше клубы 36-дан асқан шабуылшысын 100-голымен құтықтап, арнайы жейде сыйлаған. Ал Әлібек пенальтиден гол соққан соң дәл сол теңбіл допты естелік ретінде алып кетті.

Әрине, біздегі кез келген шабуылшының «Қазақстан премьер-лигасында 100 және одан да көп гол соққандар» тізіміне енгісі келеді. Әлібекке бұл тізімге ілігу оңай болған жоқ. Тіпті 98-інші добынан кейін біраз уақыт гол соғудың сәті түспей қойды.

Осы ретте екі рет команда ауыстыруға мәжбүр болғанын да айта кетейік. Жыл басында деңгейі жоғары «Ордабасы» клубына ойысып еді. Бірақ гол соғудың ыңғайы келмеді. Содан «Оқжетпестің» бас бапкері ауысқан соң, өзі бауыр басып қалған Көкше клубына қайтып келді.

Соңғы жылдары «Оқжетпес» Бөлешевтің құтты «шаңырағына» айналған. Осы команданың бірінші лигадан премьер-лигаға көтерілуіне көп еңбек сіңірген Әлібек өз арманына осы клубтың сапында қол жеткізді. Атап айтқанда, 26 шілдеде 99-шы, ал 17 қыркүйекте 100-інші голдарын соқты.

Әрине, ХХVІІ турда «Оқжетпестің» «Шахтерден» ұтылып қалғаны Әлібектің осы қуанышын көмескі тартқызып жібергендей болды. Өйткені, Көкше клубы премьер-лигадағы орнын сақтап қалу мүмкіндігінен айырыла бастады. Соңғы үш турда негізгі бәсекелестерінен ұтылып, жағдайын тығырыққа тіреп алды. Енді деңгейі өзінен жоғарылау командалармен кездеседі...

Десек те, Әлібек Бөлешевті ерен жетістігімен құттықтаймыз. Ол алдына қойған мақсатына жетті. Қазақстан премьер-лигасында (жоғарғы тобында) 327 ойын өткізіп, 100 гол соқты. Сегіз команданың сапында өнер көрсетті. Тек «Сұңқар» (Қаскелең) клубында гол соға алмай қойды.

Әлібек Бөлешевтің Қазақстан премьер-лигасындағы 100 голы:


Әлібек 2011 жылы және 2013-2014 жылдар маусымында бірінші лигада ойнады. «Сұңқар» сапында 24 ойын өткізіп, 21 гол соқты. Ал «Оқжетпестің» құрамында 53 матч өткізіп, 36 гол соққан. Ескерте кетейік, жоғарыдағы кестеде Әлібектің ел кубогы додасында соққан голдары есепке алынған жоқ.

2004 жылы «Қайрат» сапында Қазақстан чемпионы болды. Сондай-ақ 2007 жылы «Ақтөбе» құрамында жарты маусым ойнап, екінші рет ел чемпионы атанды. 2005 жылы Алматы клубымен ел чемпионатының қола жүлдегері болды.

2001, 2003 және 2004 жылдары Қазақстан чемпионатының сол қанаттағы ең үздік шабуылшысы атанды. Сондай-ақ, 2001 және 2003 жылдары «Қайратпен» ел кубогын жеңіп алды. 2011 және 2014 жылдары бірінші лиганың жеңімпазы болды.

Тізімге қайта оралу