|   |   |  "Қайрат" пен Грузия құрамасы арасындағы "құдалық" – бапкер алмасу

"Қайрат" пен Грузия құрамасы арасындағы "құдалық" – бапкер алмасу

"Қайрат" пен Грузия құрамасы арасындағы "құдалық" – бапкер алмасу
Фото fckairat.kz сайтынан

Бүгін "Қайрат" футбол клубы жаңа бас бапкерінің есімін жариялады. Енді Алматы клубын Кахабер Цхададзе жаттықтыратын болады.

«Қайрат» футбол клубының ресм сайты грузин бапкері Кахабер Цхададземен келісім шартқа отырғандығын жариялады. Еңбек келісімі биылғы маусым аяғына дейін бекітілген екен.

Кахабер Цхададзе – футбол ілеміне танымал тұлға. «Динамо» (Тбилиси), «Айнтрахт» (Германия), «Манчестер Сити» (Англия), сондай-ақ «Динамо» (Мәскеу), «Спартак» (Мәскеу) сынды әйгілі командалар сапында ойнаған.

Арасында «Локомотив» (Рустави), «Иберия» (Тбилиси), «ГИФ Сундсвалль» (Швеция), «Алания» (Владикавказ), «Локомотив» (Тбилиси), «Анжи» (Махачкала) клубтарында да өнер көрсеткен. Сонымен қатар, ТМД және Грузия құрамаларының намысын қорғады.

2001 жылдан бері бапкерлік қызметке ойысқан. Әуелі Грузияның «Локомотив» клубын жаттықтырды. Одан кейін «Динамо» (Тбилиси), «Сиони» (Болниси), «Стандарт» (Баку, Әзірбайжан), «Интер» (Әзірбайжан) клубтарында бас бапкер болды.

2009 жылы Грузияның жастар құрамасын жаттықтырды. 2015-2016 жылдары осы елдің ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін атқарды.

2005 жылы «Динамо» (Тбилиси) клубымен, ал 2006 жылы «Сиони» командасымен Грузия чемпионы болды. 2010 жылы «Интермен» Әзірбайжан чемпионатында топ жарды. Енді қазақ додасында «Қайратпен» алтын медаль олжалауды көксейтіндей...

Айтпақшы, «Қайратты» соңғы үш жылда «Қайрат» клубын өрге сүйреген, Словакия маманы Владимир Вайсс – қазір Грузияқұрамасының бас бапкері. Ал оның алдында осы елдің ұлттық құрамасын жаттықтырған Кахабер Цхададзе керісінше Грузиядан Алматы клубына келіп отыр.

Шахмат тақтасында мұндай «орын ауыстыруды» рокировка деп атайды. Бірақ қайсысы «Король», қайсысы «Ладья» – белгісіз. Оны уақыт көрсетер...

Тізімге қайта оралу