|   |   |  Қалжақбас "Қайрат" немесе арзан әзіл әйгілі клубқа абырой әпере ме...

Қалжақбас "Қайрат" немесе арзан әзіл әйгілі клубқа абырой әпере ме...

Қалжақбас "Қайрат" немесе арзан әзіл әйгілі клубқа абырой әпере ме...
Фото fckairat.kz сайтынан

Бүгін Алматының «Қайраты» өзінің ресми сайтында «Алтай» клубымен ешқандай да жолдастық кездесудің өтпейтіндігін, бұл бірінші сәуірлік әзіл болғандығын мәлімдеді.

Соңғы күндері отандық басылымдарда «Қайрат» пен «Алтай» командалары арасында жолдастық кездесу өтетіндігі кеңінен жариялады. Боладысына қызыққандар мен осы кездесуді тағатсыз күткендер көп болған сияқты.

Алайда, бүгін «Қайрат» клубы өзінің ресми сайты мен әлеуеметтік желілердегі дерек көздерінде Шығыс Қазақстан облысы командасымен жолдастық кездесу өткізбейтіндіктерін жазды. Әрі «бұл бірінші сәуірлік әзіл-қалжың болатын» деп «ақталған».

Ал «Алтай» клубы жаңа маусымға әзірленіп, дайындықтарын Алматыда пысықтап жатыр. Алатау бөктерінде 8 сәуірге дейін болатын көрінеді. Сондықтан бүгін, яғни 6 сәуірде сағат 16:00-де «Қайрат» пен «Алтай» жолдастық кездесу өткізеді деген ақпаратқа көпшілік шүбәсіз сенгендей еді...

Сонда қалай?! Шежіресі мол клуб арзан әзіл, жеңіл-желпі қалжыңға бой ұрған ба? Әлде кейбір жанкүйерлердің сөзімен айтқанда, «Қайрат» бірінші лига клубынан ұтылып қалып, ұятқа қалудан шошынып, түлкібұлаңға салып отыр ма?

Ескерте кетейік, «Қайраттың» бүгінгі жолдастық кездесуі өтпейтіндігі жайлы кейбір басылымдардағы ақпарат соңында осындай пікірлер де жазылыпты... 


Тізімге қайта оралу