|   |   |  Әйгерім Сабралиева: Біздің федерация делдалдар қызметін неге тым жоғары бағалаған?

Әйгерім Сабралиева: Біздің федерация делдалдар қызметін неге тым жоғары бағалаған?

Әйгерім Сабралиева: Біздің федерация делдалдар қызметін неге тым жоғары бағалаған?

Біздің федерацияда делдалдарға төленетін сыйақы сомасын бекіткен кімдер? Неге оларға төленетін сыйақы сомасын 10 және 15 пайыз мөлшерінде бекіткен? Неге үш пайыз емес?..

Футболшылар мен клубтар арасындағы делдалдарға (бұрынғыша – агенттерге) оларды мәмлеге келтіргендері үшін сыйақы төленеді. Яғни делдалдар өздерінің көрсеткен қызметтері үшін белгілі бір сомада ақша алулары керек. Нақты қанша алулары керек? Бұл жүйе бізде қалай, шетелдерде қалай жүзеге асырылған?

Осы сұрақтарды ҚР футболшылар кәсіподағының мүшесі Әйгерім Сабралиеваға көлденең тартқан едік:

– ФИФА «агент» деген ұғымның тамырына балта шапқан. Әрі барлық федерацияларға делдалдар мен оларға сыйақы төлеу сомасына қатысты өз регламентерін бекітуді ұсынған. Әрі өздері «Делдалдар қызметі жөніндегі регламентте» бұл соманы «үш пайыздан аспайтын болсын» деп бекіткен. Нақтырақ айтқанда, футболшының жалпы табысының үш пайызынан аспауы керек.

Ал «жалпы табыс» дегеніміз – ойыншының алатын барлық төлемдері (жалақы, сыйақы, бір жолғы төлемдер, көтерме ақы, еңбек шарты мерзімінен бұрын бұзылғанда төленетін өтемақы, еңбекке уақытша жарамсыздық жөніндегі жәрдемақы және т.б.). Бұған тек жарақат алып қалған ойыншының емделуіне жұмсалған төлемдер кірмейді.

Бірақ қайталап айтамын, барлық ұлттық федерацияларға өз регламенттерін, яғни делдалдардың қызметіне төленетін сыйақыны өз жағдайларына қарап, 2015 жылдың 1 сәуіріне дейін бекітуді ұсынған.

Алайда біздің федерацияның мұндай регламенті өткен жылғы 10 қазан күні ғана пайда болды. Онда «ойыншының делдалға төлейтін сыйақысының ең жоғарғы (максмимальды) көлемі 10 пайыздан аспауы керек» деп көрсетілген. Ал егер делдалға клуб төлесе, онда – 15 пайыз.

Осы ретте айта кетейік, әлемнің көптеген мемлекеттерінде жергілікті федерациялар бекіткен делдалдарға төленетін сыйақы сомасы – 3 (үш) пайыз ғана. Ал бізде – 10 және 15 пайыз. Рас, ФИФА құрамына кіретін кейбір елдерде делдалдар қызметіне төленетін сыйақы 10 пайыз немесе одан да көп.

Бірақ өзімізді олармен салыстыруға болмайды ғой. Өйткені бізде барлық клубтар («Қайраттан» басқасы деуге болады) жергілікті әкімдіктерге телінген. Яғни мемлекет қарамағында. Ендеше, делдалдарға төленетін ақша да – мемлекеттікі. Сонда қалай, мемлекет қаржысын үнемдемей, қалай болса, солай шашуымыз керек пе?! Әйтпесе, футбол клубтары делдалдарға ойыншының жалпы табысының 20-50 пайызын төлесе де, шаруам жоқ.

Жалпы, біздің федерацияда делдалдарға төленетін сыйақы сомасын бекіткен кімдер? Егер Қазақстан футбол федерациясы делдалдармен күресетін болса, онда неге оларға төленетін сыйақы сомасын 10 және 15 пайыз мөлшерінде бекіткен? Неге үш пайыз емес? Неге олар облыс әкімдіктерінің өкілдерімен келісе отырып, бекітпеген. Ақша облыс әкімдіктерінікі ғой...

Делдалдарға төленетін сыйақылар

(жалпы табыстың % бөлігі)

Делдал

ФИФА

ҚФФ

Ойыншы атынан

3 %

10 %

Клуб атынан

3 %

15 %

Регламент бекітілген

21.03.2014

10.10.2015

 

Кейбір елдердегі делдалдарға төленетін сыйақы мөлшері

(жалпы табыстың % бөлігі)

Мемлекет

Сыйақы, %

Бразилия

3

Түркия

3

Португалия

5

Франция

10

БАӘ

>10

Чехия

Шектеу қойылмаған

Италия

Шектеу қойылмаған

Англия

Клиринг жүйесімен

Қазақстан

10 және 15

    ҚР футболшылар кәсіподағының мүшесі Әйгерім Сабралиевамен болған сұхбаттың басы мына жерде.

Тізімге қайта оралу