|   |   |  Қазақ футболындағы дау-дамайлар Елбасы мен Еуропа сотына да жетті

Қазақ футболындағы дау-дамайлар Елбасы мен Еуропа сотына да жетті

Қазақ футболындағы дау-дамайлар Елбасы мен Еуропа сотына да жетті

Дағдарыс ел экономикасын «жағадан» алғанда, әртүрлі дау-дамайлар ел футболының «етегіне» жармасып, қайсыбір клубтарымыздың жағдайларын тығырыққа тіреп отыр...

Дағдарыс кезінде дау-дамайлар көбейді

Қазақ футболының жаңа маусымы басталмай жатып, аракідік әр түрлі дау-дамайлар бұрқ-бұрқ етіп шығып жатыр. Экономикалық дағдарыс аяқдобымыздың тынысын тарылтып жібермесе де, екі жақты (жағымды да, жағымсыз да) әсер етуде.

Жағымдысы: өз мамандарымаз бен бапкерлерімізге мүмкіндіктер беріліп, сенім артыла бастады; әр клуб сапындағы жергілікті ойыншылар саны артып келеді.

Жағымсызы: дау-дамай көбейді – қарыз дауы, «парыз» дауы, келісім-шарт дауы, пара берудегі бөлісу дауы, «отандық футбол түлегі» дауы, тағысын тағы, сол сияқты кете береді...

Біз бүгін солардың екеуіне, яғни қарыз дауы мен "парыз" дауына ат-үсті тоқталып өтпекпіз.

Семей футболшылары Елбасынан «сауға» сұрайды

Семейдегі «Спартак» клубының футболшылары Елбасына хат жазып, екі жылғы жалақыларын толық ала алмай жүргендерін баяндаған. 2014 жыл бойынша екі айдың жалақысы, сыйақысы және басқа да өтемақылары, ал 2015 жылы төрт айдың жалақысы мен сыйақысы қолдарына тимеген. Жалпы клубтың ойыншылар алдындағы берешегі 120 миллион теңгеден асып түскен көрінеді.

Олар еңбекақыларын ала алмай жүргендері жайлы сотқа да шағымданған. Бірақ қалалық әкімдіктен жалақыларын сонда да өндіріп ала алмаған. Олар тіпті қайсыбір сот шешімімен келіспейтіндіктерін де мәлімдеген. Атап айтқанда, «2014 жылғы қарыздары сол кездегі доллар бағамымен (1 доллар = 182 теңге) төленсін» деген ұйғарымға қарсы екендіктерін білдірген. Өйткені олардың келісім-шарттарында «есеп айырысу жалақы төленетін күнгі валюта бағамы бойыншы жүргізілуі керек» деп жазылғандай...

40-тан астам футболшы қол қойған хатта екі жылғы жалақыларын ала алмай жүргендіктен, олардың коммунадық төлемдерді төлей алмай отырғандықтары, банктердегі кредитерінің өсімақылары өсіп бара жатқандықтары да баяндалған.

«Ақтөбе» ойыншылары Лозаннадағы төрелік сотқа шағымданған

Биыл «Ақтөбенің» басынан дау арылмай тұр. Бірақ клуб президенті Дмитрий Васильевтің мәлімдеуінше, «Ақтөбе» клубында қылмыстық іс аясында арнайы тексеріс жүргізіліп жатқан көрінеді.

Әрбір тиынға дейін есепке алынатын егжей-тегжей тексеріске прокурор да, қаржы полициясы да, еңбек жөніндегі нұсқаушы да, басқа да мамандар да тартылған сияқты. Бұл ақпаратты клуб президенті Дмитрий Васильевтің өзі жергілікті жанкүйерлермен өткен ресми кездеуде көлденең тартты.

Васильевтің айтуынша, соңғы бес жылда «Ақтөбе» клубы агенттерге олардың қызметі үшін миллиондаған доллар көлемінде қыруар қаржы төлеген. Футболшыларға көтерме ақы ретінде жүздеген милион теңге ысырап болған. Рәсуа болған бұл шығындарды «Ақтөбе» клубының президенті екі ай бойы жүргізілген қаржы тексерісінің қорытындысы ретінде әлі де нақтылап, мәлімдейтін шығар...

Ал әзірше осы кманданың бұрынғы екі футболшысының Лозаннадағы (Швейцария) Спорттық-төрелік сотқа шағымданғандары белгілі болып отыр. Екеуі де клубтың берешек ақшасын қомақты сомада өндіріп алуға ниетеніп отырған көрінеді. Олар – Украина футболшылары Сергей Ковальчук пен Алексей Антонов. Екеуі де «Ақтөбеде» бұрын ойнаған.

Сергей Ковальчук 2012 жылдың маусым айынан 2014 жылдың желтоқсанына дейін, ал Алексей Антонов 2014 жылдың маусымынан 2015 жылғы осы айға дейін «Ақтөбе» сапында өнер көрсеткен.

Әзірше осы екі ойыншының арыздары негізінде «Ақтөбе» клубы бәрін саралап, зерттеп жатқан секілді. Арты не болары белгісіз...

Тізімге қайта оралу