|   |   |  Алматыда билет бағасы Ақтөбедегіден де қымбат

Алматыда билет бағасы Ақтөбедегіден де қымбат

Алматыда билет бағасы Ақтөбедегіден де қымбат
Фото fckairat.kz сайтынан

Алматыда билет бағасы Ақтөбедегіден де сәл қымбаттау екен. Алайда «Қайрат» Алматыда өтетін матчтар тек қана доп додасы емес, Қазақстанда теңдесі жоқ шоумен басталатындығын мәлімдейді.

Кеше «Қайрат» футбол клубының ресми сайтында аталған команданың өз алаңындағы матчтарына сатылатын билеттері мен абонементтерінің бағалары жарияланды.

Осыдан бірер күн бұрын «Ақтөбе» клубының өз алаңындағы матчтарына сатылатын билеттерінің бағасы қымбаттағанын жазғанбыз. Ал Алматыда билет бағасы Ақтөбедегіден де сәл қымбаттау екен.

Алайда «Қайрат» клубы Алматының «Орталық» стадионында өтетін матчтар тек қана доп додасы емес, Қазақстанда теңдесі жоқ шоумен басталатындығын мәлімдейді. Әрі «Достар» деген абонемент даярлап жатқандарын да жазған.

Ал «Достарды» неғұрлым көп алсаңыз, соғұрлым бағасы да төмендеу болады екен. Мысалы, 10 абонементке – 10% шегерілім, 20 және одан көп болса – 20% шегерілім.

Енді «Қайрат» клубының билеттері мен абонементтерінің бағаларына көз жүгіртіңіздер:





Тізімге қайта оралу