|   |   |  Ақтөбеде билет құны мен темекі бағасы теңесті ме?..

Ақтөбеде билет құны мен темекі бағасы теңесті ме?..

Ақтөбеде билет құны мен темекі бағасы теңесті ме?..
Фото "Ақтөбе" клубының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

«Ақтөбе» футбол клубының өз алаңындағы матчтарына сатылатын билеттер құны қымбаттап, темекі бағаларымен теңескендей. Сонымен, Ақтөбеде не қымбат? Темекі ме, футбол ма?! Шылым ба, әлде билет пе?!

«Ақтөбе» билет бағасын көтерді

«Ақтөбе» футбол клубының әлеуметтік желілердегі парақшаларында алдағы маусымдағы билетерінің құны мен абонементтерінің бағалары жарияланды. Еліміздің бес дүркін чемпионының өз алаңындағы матчтарына сатылатын билеттер едәуір қымбаттаған секілді...

Жалпы, «Ақтөбе» клубы билет және абонемент сату «саясатын» мейілінше саралап шыққан сияқты. Бірінші кезекте стадиондағы секторлар саны көбейтілген. Бұған дейін 18 секторға бөлінген стадион енді 24-ке дейін көбейтілген.

Ал бағалары қымбаттаған. Билеттердің де, бір маусымдық абонементтердің де. Мысалы, былтыр «Ақтөбенің» үйдегі ойынының ең қымбат билеті 500 теңге болса, алдағы маусымда 1500 теңге болады екен. Ал былтыр бір маусымдық абонементтің ең қымбаты 8500 теңге болса, биыл бұл меже 48000 теңгеге дейін көтерілген. Соңғы ақпаратты жергілікті «Диапазон» газетінің электронды басылымы жариялап отыр.

Билеттер: 200 – 1500 теңге

Балалар секторы (Оңтүстік трибуна, 11 және 12 секторлар) – 200 теңге

Әскери күштер мен құқық қорғау органдары (8 және 9 сектор) – 300 теңге

(Бұл секторлардан өзге адамдарға сатылатын билет – 500 теңге)

Қонақ команданың жанкүйерлері (7-сектор) – 500 теңге

Фанаттардың «13-секторы» (13А, 13Б және 13В) – 300 теңге

Солтүстік трибунадағы қалған секторлар (20, 21 және 22) – 500 теңге

Шығыс трибуна (1 және 6 сектор) – 600 теңге

Батыс трибуна (14 және 19 сектор) – 700 теңге

Шығыс трибуна (2 және 5 сектор) – 800 теңге

Батыс трибуна (15 және 18 сектор) – 1000 теңге

Шығыс трибуна (3 және 4 сектор) – 1000 теңге

Батыс трибуна (16 және 17 сектор) – 1500 теңге

Тегін кіретіндер

Шығыс трибуна (1-сектор) – мүмкіндіктері шектеулі жандар (арбалы адам + сүйемелдеушісі)

Оңтүстік трибуна (10-сектор) – Балалар футболы орталығындағы ізбасарлар, жаттықтырушылар, футболшылардың жанұялары

Батыс трибуна (19-сектор) – ҰОС және Ақтөбе футболының ардагерлері, Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері және «Ақтөбе» клубы бекіткен басқа да әлеуметтік санаттағы адамдар

Абонементтер бағасы: 9600 – 48000 теңге

2016 жылғы маусымға сатылатын абонементтер саны – 3 000 дана
Шығыс трибуна (1 және 6 сектор) – 9600 теңге

Батыс трибуна (14 және 19 сектор) – 11200 теңге

Шығыс трибуна (2 және 5 сектор) – 12800 теңге

Батыс трибуна (15 және 18 сектор) – 16000 теңге

Шығыс трибуна (3 және 4 сектор) – 16000 теңге

Батыс трибуна (16 және 17 сектор) – 24000 теңге
Бастыс трибуна (vip-comfort) – 48000 теңге

Тізімге қайта оралу