|   |   |  Жағдайын жасаймыз деп жүріп талай жасты жоғалттық

Жағдайын жасаймыз деп жүріп талай жасты жоғалттық

Жағдайын жасаймыз деп жүріп талай жасты жоғалттық
Фото cup-cup.com сайтынан

Оларды еркелетіп «лимитчик» деп атадық, оларға үлкен қамқорлық жасалды, жалақыдан да қысым көрмеді, жоқ боп кетсе іздедік, барына қуандық. Ал олардың көбі үмітті ақтаған жоқ. Қайта алдына тәттілерді тосқан сайын аранын аша берді. Ақыры жақсылықты түсінбеген жастар жеңілдіктен қағылып тынды.

Биылдан бастап Қазақстан футболында жас футболшыларға арналған жеңілдіктер алынып тасталды. Біржола емес, бірақ бұрынғыдан жақсы. 

Нақты айтсақ, енді командалар матч хаттамасына 21 жасқа дейінгі екі футболшыны енгізуге міндетті болғанымен оларды алаңға шығару-шығармаулары өз еріктерінде. Жалпы, жас футболшыларға арналған жеңілдіктер Қазақстан футболына не берді? Өскендер көп пе, өшкендер көп пе? Саралап көрелікші.

Жастарға арналған жеңілдіктер ережесі ең әуелі 2006 жылғы футбол маусымында басталды. Ол кезде команда алаңға міндетті түрде екі жас футболшыны шығару қажет болатын және біреуі қазақ жігіті болуы тиіс-тін. Кейін бұл ереже аздап жеңілдетіліп, құрамға қосу барысында жастардың ұлтына қарамайтын болды. Араға уақыт салып, тағы да өзгерген әлгі ереже бойынша былтыр алаңда міндетті түрде бір жас ойыншы ойнауы тиіс болды. Енді міне, биыл тағы да ереже өзгерді.



Өзімізді түзеу үшін өзгеге қараймыз ғой. Испаниялық «Реалдың» жұлдызы Криштиану Роналду 23 жасында «Алтын доп» иегері атанды, аргентиналық Лионель 16 жасында «Барселона» сапындағы алғашқы ойынын өткізіп, 23 жасында әлемнің үздік футболшысы болып танылды. «Футбол патшасы» Пеле әлем чемпионатын 17 жасында-ақ жеңіп алған. Тізе берсең, әлемдік футболда мұндай мысалдар өте көп. Ал бізде 22 жасында-ақ футболшылық карьерасын аяқтап жатқандар жетерлік. Бұған не себеп?

«Есектің жүгі жеңіл болған сайын жатаған келеді» деген нақыл бар ғой. Жас футболшыларымыздың жайын көрген сайын осы сөз ойыма келе береді. Жоқ, оларды мақұлыққа теңеп тұрған жоқпын. Дегенмен, аталы сөздің астары бар. Қайтсе де құрамнан орын алатынын білетін жастар өздеріне деген жауапкершілікті тым төмендетіп алды. Онымен қоймай, есіріп, жалақыны аранын аша талап ете бастады. «Әйтпесе, басқа командаға кетіп қаламын» деп қорқытатындарды да естіп жүрдік. Әлбетте, амалы құрыған клуб басшылығы талап еткен ақшасын беріп жүрді. Ал әлі піспеген әлгі шикі балалар жаттығудың орнына әлеуметтік желілерге қымбат көліктері мен жартылай жалаңаш қыздарының суреттерін салып, ақшаның буына масайрап жүрді.

Талантты тәрбиелеу қиын болған соң кейбір клубтар сырттан футболшы шақырып, оларды «қазақ» қылды. Соның нәтижесінде Шанс Жұмабаев, Ринат Хасенов, Кристиан Эфростар пайда болды. Иә, қазір біреуі де есімізде жоқ.



Оларды қойшы, 2006 жылдары «лимитчик» болған өзіміздің қаракөздер қайда? «Лимитчик» жасында жай оғындай жарқылдаған Әлішер Тәжібайұлы, Алмас Есжанов, Талғат Сабалақов, Айдар Арғымбаев, Шыңғыс Әбуғалиев, Айдос Байтенов, Әсет Меңліқожа, Олжас Керімжанов, Мәлік Жантілеуов, Жанат Қарғужинов, Ермек Тұтқабаев, Дархан Тілеулиев... қайда қазір бұл жігіттер? Көбісін бүгінде ұмытып қалғанбыз, жартысын есіме түскен де жоқ. Ал статистикасын қарасаң, бір маусымда 15-20 ойыннан өткізген футболшылар. Демек, жасында жаман ойыншы болмағандары ғой, әлде танауларынан тартып сүйреді ме екен?

«Лимитчик» термині қазақ футболында сыбайлайстық қылмыстың өршуіне де әкеліп соқтырды. Соның кесірінен екі жасқа, үш жасқа, тіпті тоғыз жасқа «кішірейіп» кеткен ойыншылар ойқастап жүрді. Әлбетте, «өтіріктің арты бір-ақ тұтам», көбінің қылмысы әшкере болды. Алайда жабулы күйінде қалған «қазандар» қаншама.

Былтыр «лимитчик» болған жастардың да біразына биыл тықыр таяды. Көпшілігі команда таппай Бірінші лига жағалап кетсе де таңғалмаймыз. Қайта жаңа ереже жақсы болды. Енді «лимитчиктер» хаттамаға енгенімен алаңға шыға ма, жоқ па, оны бас бапкердің өзі шешеді. Сондықтан, жыл бойы жай ғана статистика үшін жүретін «лимитчиктердің» де болуы ғажап емес.

Қазақстан Премьер-лигасының қай бапкерінен сұрасаңыз да «лимитчиктерге» байланысты жеңілдіктердің болғанын қаламайды. Бәрінің айтатыны бір сөз: жастар да өзгелер секілді негізгі құрамдағы орнын бәсекелестікпен жеңіп алуы тиіс. Иә, мен де келісемін. Басқа салалар секілді футболда да бүйрек бұру болмау керек. Мәселен, 1997 жылы 18 жасар Руслан Балтиевті ешкім құлағынан сүйреп ұлттық құрамаға тыққан жоқ қой. Ал Самат Смақов 19 жасында бір кездердегі алып клуб «Елімайдың» негізгі құрамынан орын алып, 20 жасында Қазақстан чемпионы атанды. Әлі де жұлдызы сөнбеген ойыншы. Сол сияқты, Антон Чичулин де «Жеңістің» құрамына өткенде небәрі 17 жаста болатын. Әлі де ойнап жүр. Тізе берсең, мұндай мысалдар жетерлік. Мұрат Тілешев те, Нұрбол Жұмасқалиев пен Қайрат Нұрдәулетов те ешқандай жеңілдіктің көмегінсіз-ақ жас кездерінде өз клубтарының негізгі құрамынан орын ала білген.



«Лимитчиктерге» қатысты ережені қолдайтындар бірінші кезекте Таңат Нөсербаев, Ұлан Қонысбаев, Юрий Логвиненко, Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат сынды таланттардың шыққанын алға тартады. Алайда, «шын мықтыға тұсау жоқ», бұл дарындар ешқандай жеңілдіктердің көмегінсіз-ақ үлкен футболға адымдап аттап баса алар еді. Жарайды, сонда да бұл жігіттерді жастарға арналған жеңілдіктердің жемісі деп білейік. Сонда қанша талантты өсіріп шығара алдық?! Санадыңыз ба? Өзім есептеп көруге тырысқан едім, он саусағымнан әзер асырдым да, өзімнің субьективті рейтингімді жасауды жөн көрдім. 

Жастарға жасалған жеңілдіктер ережесінің жемістері.

ТОП-20

Орын

Аты-жөні

Туған жылы

Амплуа

Лимитчик

болған жылдары

Лимитчик кезіндегі командалары

Соңғы командасы

Transfermarkem.de 

сайтындағы бағасы (€)

1

Бауыржан Исламхан

23.02.1993

Ж.қорғаушы

2011-2014

Тараз, Астана, Қайрат.

Қайрат

1 000 000

2

Таңат Нөсербаев

01.01.1987

Шабуылшы

2006-2008

Ордабасы

Астана

700 000

3

Дмитрий Шомко

19.03.1990

Қорғаушы

2008-2011

Энергетик-2, Ертіс, Астана.

Астана

1 000 000

4

Юрий Логвиненко

22.07.1988

Қорғаушы

2006-2009

Ақтөбе

Ақтөбе

800 000

5

Ұлан Қонысбаев

28.05.1989

Ж.қорғаушы

2008-2010

Тараз

Қайрат

300 000

6

Жамбыл Көкеев

20.09.1988

Ж.қорғаушы

2006-2009

Астана, Алма-Ата, Локомотив.

Қайрат

400 000

7

Исламбек Қуат

12.01.1993

Ж.қорғаушы

2011-2014

Оқжетпес, Ақтөбе, Астана, Қайрат

Қайрат

700 000

8

Сергей Хижниченко

17.07.1991

Шабуылшы

2008-2012

Восток, Локомотив, Атырау, Шахтер

Ақтөбе

400 000

9

Стас Покатилов

08.12.1992

Қақпашы

2012-2013

Ақжайық, Шахтер

Ақтөбе

1 000 000

10

Бауыржан Жолшиев

08.05.1990

Шабуылшы

2009-2011

Алма-Ата, Атырау

Астана

900 000

11

Серікжан Мужиков

17.06.1989

Ж.қорғаушы

2008-2010

Жетісу

Астана

500 000

12

Александр Кислицын

08.03.1986

Қорғаушы

2006-2007

Шахтер

Ертіс

400 000

13

Марк Гурман

09.02.1989

Қорғаушы

2010

Локомотив

Қайрат

500 000

14

Гафуржан Сүйімбаев

19.08.1990

Қорғаушы

2011

Ордабасы

Ордабасы

600 000

15

Тимур Досмағамбетов

01.05.1989

Ж.қорғаушы

2008-2010

Оқжетпес, Ақтөбе

Тараз

300 000

16

Марат Шахметов

06.02.1989

Ж.қорғаушы

2006-2010

Алма-Ата, Локомотив

Жетісу

350 000

17

Асқат Тағыберген

09.08.1990

Ж.қорғаушы

2008-2011

Қайсар

Ақтөбе

600 000

18

Дмитрий Мирошниченко

26.02.1992

Қорғаушы

2011-2013

Ақтөбе

Ақтөбе

350 000

19

Аслан Дарабаев

21.01.1989

Ж.қорғаушы

2008-2010

Шахтер, Ақтөбе

Қайрат

600 000

20

Алексей Щеткин

21.05.1991

Шабуылшы

2010-2012

Жетісу

Астана

300 000

Тізімге қайта оралу