|   |   |  Ел біріншілігінің екінші кезеңінде енді ұпай екіге бөлінбейді

Ел біріншілігінің екінші кезеңінде енді ұпай екіге бөлінбейді

Ел біріншілігінің екінші кезеңінде енді ұпай екіге бөлінбейді
Фото fca.kz сайтынан

Жылдағыдан өзгешелігі, биыл әр клубтың ел чемпионатының бірінші кезеңінде жинаған ұпайлары енді екіге бөлінбейді!

Кеше Қазақстан футбол федерациясының Атқару комитеті басқосу өткізіп, бірқатар мәселелерді талқылады.

Биыл Қазақстан премьер-лигасында додаға түсетін командалар құрамы бекітіліп, ойындар күнтізбесі түзілген. Сондай-ақ доп додасы регламентіне де аздаған өзгерістер енгізілген. Сол секілді Бірінші лига мен қосалқы құрамдар арасындағы біріншіліктер регламенттеріне де өзгерістер енгізіліп, сертификаттау жөніндегі ережелер де түзетуге ұшыраған.

Сонымен, 2016 жылғы Қазақстан премьер-лигасында 12 клуб бақ сынайды. Олар: «Астана» (Астана), «Қайрат» (Алматы), «Ақтөбе» (Ақтөбе), «Ордабасы» (Шымкент), «Атырау» (Атырау), «Ертіс» (Павлодар), «Тобыл» (Қостанай), «Оқжетпес» (Көкшетау), «Тараз» (Тараз), «Шахтер» (Қарағанды), «Жетісу» (Талдықорған), «Ақжайық» (Орал).

Ел чемпионаты жылдағыдай екі кезеңге бөлініп өткізіледі. Біріншісінде барлық командалар екі айналымдық жүйемен (үйде және түзде) бір-бірімен кездесіп шығады.

Екінші кезеңде 12 клуб қақ бөлінеді. Алғашқы алтауы жүлделі орындарды сарапқа салса, қалғандары 7-12 орындар үшін додаға түседі. Жылдағыдан өзгешелігі, биыл әр клубтың ел чемпионатының бірінші кезеңінде жинаған ұпайлары екіге бөлінбейді!

Ал биылғы маусым 8 наурыз күні жылдағыдай Қазақстан суперкубогы матчымен ашылады. Ел біріншілігі 12 наурызда басталады. Бірінші турда кездесетін командалар жұбы төмендегідей:

12 наурыз (сенбі)

«Астана» – «Шахтер»
«Жетісу» – «Атырау»
«Тараз» – «Қайрат»

13 наурыз (жексенбі)

«Ордабасы» – «Ақтөбе»
«Ертіс – «Оқжетпес»
«Тобыл» – «Ақжайық»

Тізімге қайта оралу