|   |   |  “Оқжетпес” от алып, “Ордабасы” орғыды

“Оқжетпес” от алып, “Ордабасы” орғыды

“Оқжетпес” от алып, “Ордабасы” орғыды
"Оқжетпес" – "Ақтөбе". Фото: okzhetpes.kz

Бүгін Қазақстан премьер-лигасында ХVІІІ-турдың екі ойыны өтіп, “Ақтөбе” түзде оңбай ұтылып, “Ордабасы” Оралдан үш ұпай олжалады.

“Оқжетпес” “Ақтөбені” ойсырата жеңді

«Оқжетпес» Көкшетауда «Ақтөбені қабылдап, ірі есеппен басым түсті. Бірінші таймда-ақ үш гол соғып, үстемдік танытты. Қоржынына үш ұпай салып, ізіне түскен «Ордабасы» клубының қуып жетуіне мүмкіндік бермеді.

Бұл ойында алаң иелерінің ардагер шабуылшысы Әлібек Бөлешев бір гол соқты. Өткен турда да бір доп соққан. Бүкіл қазақ жанкүйерлері оның кем дегенде енді үш гол соғуына тілектес...

«Ақтөбе» осымен үшінші рет қатарынан оңбай ұтылды. Бұл команданың жанкүйерлері бүгін Ресейден қалап алдыртқан 31 жастағы шабуылшысы Голубовтың алаңға шыға сала гол соққандығына ғана көңілдеріне медеу тұта алады.

«Ақтөбе» әзірше сегізінші орында тұр. Бірақ ертең «Жетісудың» қуып жетуі де мүмкін. Қалай десек те, «Ақтөбе» “ертегісі” осымен аяқталған сияқты. Енді алғашқы алтылыққа іліге алар ма екен? Ең бастысы, Еуропа лигасында ел намысын абыроймен қорғаса екен дейміз.   

«Оқжетпес»  «Ақтөбе» 4:1 (3:0)

Голдар: Хайруллин, 20 (1:0). Кислицын, 35 (2:0). Хайруллин, 41 (3:0). Бөлешев, 67 (4:0). Голубов, 87 (4:1).

«Оқжетпес»: Стаменкович, Чичулин, Чижов, Кислицын, Мангуткин, Еоне (Ристович, 69), Волков, Юрин, Хайруллин, Молдақараев (Жұмаханов, 78), Қожамберді (Бөлешев, 62).

«Ақтөбе»: Отарбаев, Азовский, Куаджа, Сорокин, Крюков, Ситдиков, Шестаков, Митошевич (Цвейба, 73), Жалмұқан, Бочаров (Әбдукәрімов, 85), Дао (Голубов, 55).


Байсуфинов кетіп, “Ақжайық” ұтылды немесе

Сүйінбаев гол соғып, «Ордабасы» ұтты

Бүгін ғана бас бапкері Қазақстан ұлттық құрамасының тізгінін ұстаған «Ақжайық» өз алаңында Оңтүстік Қазақстан командасынан ұтылып қалды. Жалғыз голды қонақтардың қорғаушысы Ғафуржан Сүйінбаев соқты.

Ол алаңның орта тұсында «Ақжайық» ойыншыларының бір-біріне қақпақылдаған добын қиып алып, алға қарай тікелей тартты. Айып алаңына тақағанда шірене тартып, теңбіл допты әуелете, доғаша иіп, қақпа торына тоғытты. Әдемі гол болды.

Айтпақшы, бұл ойында «Ақжайыққа» Артур Авакянц жетекшілік етті. Бас бапкер қызметінің міндетін 43 жастағы осы жергілікті маман атқаратын болыпты.

Соңғы екі турда 2:2 есебімен тең түскен «Ордабасы» Оралдан үш ұпай олжалап, жанкүйерлерін қуантты. Бірақ бұл жеңіс Шымкент командасына оңайшылықпен келген жоқ. «Ақжайық» соңғы секундарға дейін таразы басын теңестіруге тырысып, шабуылдаумен болды.

«Ақжайық» – «Ордабасы»  0:1

Гол: Сүйімбаев, 42.

«Ақжайық»: Қалменов, Әбдірахманов, Николич, Колуния, Розыбакиев, Говедарица, Валиуллин (Антипов, 78), Мальцев (Тапалов 46), Ортиз (Сапанов, 63), Дудченко, Лечич.

«Ордабасы»: Бойченко, Төлебек (Қожабаев, 60), Мұхтаров, Трайкович, Сүйімбаев, Диакате, Чатто, Симчевич, Гогуа, Касалица (Гейнрих, 64), Тұңғышбаев (Адырбеков, 80).

Тізімге қайта оралу