|   |   |  “Астананың” “Ертіске” азуы батпай-ақ қойды...

“Астананың” “Ертіске” азуы батпай-ақ қойды...

“Астананың” “Ертіске” азуы батпай-ақ қойды...
Нөсербаев пен Лория. Фото: fca.kz

Қазақстан премьер-лигасының ХVІІ-турында жасыл алаңға әуелі "Астана" мен "Ертіс" шығып, тең түсті. Есеп – 1:1.

«Астана» алғаш рет (биылғы маусымда) өз алаңында ұпай жоғалтты. «Ертіспен» тең түсіп, екі ұпайдан қағылды. Негізі, гол соғатын бірнеше мүмкіндіктері болған. Алайда соның тым болмаса, біреуін кәдеге жарата алмай, діңкелері құрыды.

Басында, бір сағаттан астам уақыт бойы, асықпай жүріп алды. Таңат Нөсербаевтың голы да ойламаған жерден соғылған болатын. Осы голдан кейін алаң иелері мүлде еркінсіп кеткендей болды. Сірә, жеңіске жетуге осы бір гол да жетеді деп ойлаған болар...

«Астана» осылай, мүмкіндіктерін мүлт жіберіп, тайтаң қағып жүргенде, «Ертіс» футболшылары есепті теңестіріп кетті. Доп ойынға бұрыштан қосылғанда, алаң иелерінің жайбасарлыққа салынғандарын пайдаланып кетті.

Осыдан кейін алаң иелері қарқындарын үдетіп, тайлы-таяғымен алға қарай лап қойды. Бірақ «Ертіс» сауатты түрде қорғана да, уақытты соза да білді. Қысқасы, қалған уақытта «Астана» гол соғып үлгермеді.  

Сөйтіп, «Астана» Павлодар командасымен екінші рет тең түсті. Бірінші айналымда ерке Ертіс жағасындағы ойын 2:2 есебімен аяқталған болатын.

«Астана» – «Ертіс» – 1:1

Голдар: Нөсербаев, 51 (1:0). Керла, 69 (1:1).

«Астана»: Эрич, Постников, Аничич, Логвиненко, Шомко, Максимович, Каньяс, Твумаси (Тағыберген 87), Мұжықов, Деспотович (Щеткин, 82), Нөсербаев.

«Ертіс»: Лория, Ахметов, Фрейдгеймас, Керла, Есімов, Аяғанов (Попов, 77), Гетериев, Фонсека (Фернандес, 16), Мұртазаев (Сартаков, 90+1), Джаллоу, Фаль.

Тізімге қайта оралу