|   |   |  Бірінші лига. "Қайсар" бәсекелестерінен ұзап кетті

Бірінші лига. "Қайсар" бәсекелестерінен ұзап кетті

Бірінші лига. "Қайсар" бәсекелестерінен ұзап кетті
"Қайсардың" бойтұмары

Басты бәсекелестері «Қызыл-Жар», «Алтай» және «Мақтааралдың» сүрінгенін тиімді пайдаланған Қызылорданың «Қайсары» турнир кестесінде төрт ұпайға ұзап кетті.

Сыр командасы Теміртауда Қарағандының «Шахтер-Болат» командасымен кездескен. Бірінші тайм аяқталар тұста шабуылдағы әріптестеріне көмекке келген хорватиялық қорғаушы гол соғып, қонақтарға жеңіс сыйлады.

Ал «Қайсардың» басты бәсекелесі «Қызыл-Жар» Ақтауда оңбай ұтылды. «Жас Қанат» стадионында өткен ойында 4-ші минутта-ақ есеп ашқан алаң иелері екінші таймда петропавлдықтардың қақпасына тағы екі гол соқты. Иә, команда тізгінін Асқар Көшікбаев ұстағалы бері «Каспийдің» ойыны түлеп сала берді. Қазір олар үздік алтылықта.

Турдың орталық кездесуі Жетісайда өткен. «Алпамыс батыр» стадионындағы матч «итжығыспен» аяқталды. Бірінші таймның 17-минутында Дәурен Мәжитов есеп ашса, екінші тайм бастала салысымен «Алтай» пенальти тебуге мүмкіндік алып, оны шабуылшы Сергей Шафф дәл орындады.

Қызылордада Сыр елінің екінші командасы «Байқоңырды» 1:0 есебімен тізе бүктірген «Екібастұз» турнир кестесіндегі жағдайын аздап түзеп, төртінші орынға көтерілді. Ойынның соңына таман алаң иелері шабуылдарын күшейтіп, қонақтарды қысымға алғанымен есепті теңестіре алмады. Тіпті, «Екібастұз» ойыншысы Юрий Шифиннің алаңнан қуылуы да қызылордалықтарға көмектескен жоқ.

Екінші тур аясында өз алаңында «Бәйтеректі» 4:0 есебімен ойсырата жеңген Шымкенттің «Қыраны» екінші айналымның тұсаукесер кездесуінде де астаналықтардан басым түсті. Елордамыздың Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионында өткен кездесу 2:1 есебімен шымкенттіктердің пайдасына шешілді.

Х-тур

«Шахтер-Болат» (Теміртау) – «Қайсар» (Қызылорда) 0:1

Гол: Граф, 45.

«Каспий» (Ақтау) – «Қызыл-Жар СК» (Петропавл) 3:0

Голдар: Арменов, 4. Арменов, 51. Сердюков, 72.

«Мақтаарал» (Шымкент) – «Алтай» (ШҚО) 1:1

Голдар: Мәжитов, 17 (1:0). Колодин, 48-пенальти (1:1).

«Байқоңыр» (Қызылорда) – «Екібастұз» 0:1

Гол: Жарынбетов, 10 (0:1).

«Бәйтерек» (Астана) – «Қыран» (Шымкент) 1:2

Голдар: Жақсыбайұлы, 23 (0:1). Нохрин, 51 (0:2). Құлекенов, 79 (1:2).

Тізімге қайта оралу