|   |   |  Жолшиев пен Нұрдәулетов премьер-лигаға орала ма?

Жолшиев пен Нұрдәулетов премьер-лигаға орала ма?

Жолшиев пен Нұрдәулетов премьер-лигаға орала ма?
Қайрат Нұрдәулетов пен Бауыржан Жолшиев

Футболдан Қазақстан премьер-лигасында жазғы трансфер кезеңі ашылып, кейбір клубтарда ауыс-түйіс жүргізіле басталды.

«Ордабасы» құрамын екшей бастады

«Ордабасы» клубы серб шабуылшысы Милош Трифуновичпен өзара келісіп, екеуара келісімшартты үзгендерін жариялады. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысының командасы Эдин Юнузовичтің жақында өткен жолдастық кездесуде жарақаттанып қалып, бір айға қатардан шығып қалғандығын жариялады.

Осы ретте айта кетейік, осыдан екі күн бұрын «Ордабасы» жастар арасындағы Қазақстан құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп, 0:2 есебімен ұтылып қалды. Юнузович дәл осы матчта жарақат алып қалған болатын.

Соңғы деректерге сенсек, «Ертістен» кеткен Гогита Гогуа «Ордабасы» клубының сапын толықтыратын сияқты.

«Жетісу» қорғанысын күшейтпек

Жазғы трансфер кезеңінде «Жетісу» да құрамын нығайтып алуға білек сыбана кіріскендей. Ресми түрде украин Артем Касьяновпен келісімшартқа отырғандығын жариялады. Бұл футболшы алты жыл (2000 – 2015 жж) Қазақстан чемпионатында ойнап, «Ордабасы» клубының намысын қорғаған болатын. Биылғы маусымды «Мелаллист» (Харьков) клубының сапында бастаған-ды.

Сондай-ақ, Талдықорған клубы сапына Қайрат Нұрдәулетов те алынған сияқты. Бірақ бұл келісімді «Жетісу» әлі ресми түрде жариялаған жоқ.

Жолшиев «Ертіске» бара ма?

«Ертіс» грузин Гогита Гогуамен арадағы келісімшартын ұзартпайтын болғандығын елден бұрын жариялаған. Содан соң құрамын күшейту мәселесін қолға алғандарын да жазған болатын.

Атап айтқанда, маусым басынан бері клубсыз жүрген Бауыржан Жолшиевпен және Франция, Бразилия, Португалия легионерлерімен келіссөздер жүргізіп жатқандықтарын да мәлімдеген болатын.

Тізімге қайта оралу