|   |   |  Гогуа “Ертістен” кетіп тынды

Гогуа “Ертістен” кетіп тынды

Гогуа “Ертістен” кетіп тынды
Гогуа "Ертістен" кетті. Фото: fcirtysh.kz

“Ертіс” футбол клубының ресми сайты Гогита Гогуамен арадағы келісімшарт мерзімінің түгесілгендігін мәлімдеді.

Жазғы трансферлік тіркеу кезеңі ертең ашылады. Әйтсе де, премьер-лигадағы кейбір клубтарымыз құрамдарын екшеуге әлдеқашан кірісіп кеткен. Бұл тұрғыда «Тараз», «Ақжайық» және «Қайрат» клубтарына жаңа ойыншылардың келгендері отандық басылымдарда жазылып та жүр. Бірақ ресми түрде әлі мәлімденген жоқ.

Әзірше тек «Ертіс» футбол клубы ғана жартылай қорғаушысы Гогита Гогуамен қоштасқандықтарын жариялады. Грузия футбошысы мен «Ертіс» маусым басында төрт айға ғана келісімшартқа отырыпты.

Шыны керек, Гогуаның «Ертістен» кетуі мүмкін екендігінің айтылып жүргеніне біраз болды. Әрі Грузин футболшысымен осы қысқа мерзімдік келісімшарттың ұзартылмады. Себеп футболшының жалақысының сомасына байланысты сияқты.

Енді Гогита Павлодар командасынан көбірек жалақы төлей алатын клубқа ауысатын шығар. Ал «Ертіс» ресми сайты арқылы грузин футболшысына осы төрт ай ішінде өткізген ойындары мен қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, алдағы спорттық мансабына табыс тіледі.

Тізімге қайта оралу