|   |   |  "Атырау" футбол клубын да болгар бапкері жаттықтырады

"Атырау" футбол клубын да болгар бапкері жаттықтырады

"Атырау" футбол клубын да болгар бапкері жаттықтырады
Стойчо Младенов

«Атырау» футбол клубына жаңа бас жаттықтырушы тағайындалды. Мұнайлы қаланың басшылығы команданы алға жетелеуді болгар бапкері Стойчо Младеновке тапсырды.

Келісімшарт осы маусымның соңына дейін ғана жасалған. Дегенмен, егер команда ел чемпионатында сәтті өнер көрсетіп жатса, келісімшарт тағы бір жылға ұзатылуы мүмкін. Өзімен бірге Младенов Болгариядан бір көмекші әкелмек.

59 жастағы маман футболшы кезінде Болгария және Португалия клубтарында ойнаған. Шабуылшы. Болгария ұлттық құрамасында 1978-1988 жылдар аралығында 59 кездесу өткізіп, 15 гол соққан. Футболшылық карьерасын 1993 жылы аяқтап, Португалия, Болгария, Грекия, Сауд Арабиясы, Египет, Катар клубтарын жаттықтырған. ЦСКА-мен бірге екі рет Болгария чемпионы атанса, 2008 жылы Сауд Арабиясының «Әл-Ахли» клубына Парсы шығанағының кубогын алып берген.

Жалпы, Младеновтың жаттықтыру мәнері «Астанадағы» Стойлов пен «Ертістегі» Димитровқа ұқсас. Әрі демократ, сондай-ақ командаға тәртіп орната біледі. Ең бастысы, футболшылармен ара қатынасы әрдайым жақсы болған.

Естеріңізге сала кетейік, былтырдан бері «Атырауды» отандық маман Владимир Никитенко жаттықтырып келді. Өткен маусымда команда Никитенконың жетекшілігімен ел чемпионатында 5-орыннан көрінген болатын. Бірақ биыл 10-турдан кейн қызметінен босады. Бұл уақытта команда 7 ұпаймен 10-орында тұрған болатын. Одан кейін бас бапкердің қызметін Юрий Коньков атқарғанымен «Қайраттан» 2:5 есебімен ұтылған соң ол да «отставкаға» кетті.

Тізімге қайта оралу