|   |   |  "Екібастұз" бен "Мақтааралдың" Бірінші лигадағы рөлі қандай?

"Екібастұз" бен "Мақтааралдың" Бірінші лигадағы рөлі қандай?

"Екібастұз" бен "Мақтааралдың" Бірінші лигадағы рөлі қандай?
Бірінші лиганың да өз қызығы жеткілікті

Бірінші лигадағы командалардың өздеріне тиесілі рөлдері белгілі бола бастаған сияқты. Тек «Мақтаарал» мен «Екібастұздың» алар орындарын түсінбей отырмыз.

Көш басына Қызылорданың «Қайсары» жайғасқан. Премьер-лигаға жолдама алуды көздеп, өз мақсаттарын ашық түрде айтып жүрген үш команданың бірі. Осы турда өз алаңында Ақтаудың «Каспиін» қабылдады. Бас бапкерін ауыстырғаннан кейін «Каспий» қатарынан төрт ойында жеңілмеген болатын. Бұл матчта да барын салды. Олжас Керімжанов алаң иелерін алға шығарғаннан кейін екінші таймда Драмане Коне таразы басын теңестірген еді. Бірақ қуаныштары ұзаққа созылмады. Роман Павинич жеңіс голын соғып, «Қайсарға» кезекті үш ұпайды сыйлады.

Турдың орталық кездесуі Петропавлда өткен. Шымкенттің «Қыраны» жергілікті «Қызыл-Жарға» лайықты қарсылас болуы тиіс болатын. Алайда, алаң иелері аямады. Жауапсыз үш гол соғып, үш ұпайға қол жеткізді.

Премьер-лигадан үмітті үшінші команда шығыстың «Алтайы» өз тарихындағы алғашқы ірі есебін тіркеді. Семейдің «Спартак» стадионында Қызылорданың екінші командасы «Байқоңырды» қабылдаған Сергей Тимофеев шәкірттері Сыр клубының қақпасына жауапсыз алты гол соғып, ойсырата жеңді. Ал егер Сергей Шафф 11-минутта пенальтиді орындағанда, онда есеп 7:0 болар еді. Айта кетейік, «Алтай» әлі ешкімді мұндай есеппен жеңіп көрген емес. Сол секілді «Байқоңыр» да ешқашан ешкімнен бұлайша ұтылмаған еді.

Бұған қарағанда Теміртаудағы ойын тартысты өтті. Жергілікті «Шахтер-Болат» Шымкенттің «Мақтааралын» қабылдаған. Бірінші тайм голсық аяқталып, үзілістен кейін есепті қонақтар ашты. 51-минутта айып добын әдемі орындаған команда капитаны Сабырхан Ибраев болатын. Есеп 80-минутта теңесті. Бұл жолы да гол соққан – капитан. Гейсар Алекперзадеге қарсы ойын ережесі бұзылып, пенальтиді Константин Бернацкий тура орындады. Дегенмен, арада үш минут өткенде Айдар Арғымбаев бұрыштамадан кейін гол соғып, теміртаулық жанкүйерлерді сан соқтырып кетті.

Ал «Астана-Аренада» өткен «Бәйтерек» пен «Екібастұз» арасындағы кездесуде әр таймда бір-бір голдан соққан қонақтар үшін аутсайдерді жеңу еш қиындық туғызбады.

Жалпы, «Қайсар», «Алтай» және «Қызыл-Жардың» жағдайлары түсінікті. Бұл үшеуі Премьер-лига жолдамасынан басты үміткерлер. Сондай-ақ, биылғы маусымда аутсайдерлер рөлін «Бәйтерек», «Байқоңыр» және «Шахтер-Болат» командалары атқаратыны да белгілі болды. «Каспий» мен «Қыранның» бірі үздік алтылықтан тыс қалуы тиіс екенін де ойындарына қарап, бағамдап жатырмыз. Ал «Мақтаарал» мен «Екібастұз» ше? Екеуі де үздіктер қатарынан көрінуге лайық. Алтылыққа енетінін ішіміз сезеді. Бірақ одан кейін қайтер екен? Олар да Премьер-лига жолдамасына таласа ма? Әлде соңына қарай тізгіндерін тарта ма?

Бірінші лиганың 9-тур ойындары (5 маусым)

«Қайсар» (Қызылорда) – «Каспий» (Ақтау) 2:1 (1:0)

Голдар: Керімжанов, 41 (1:0). Коне, 65 (1:1). Павинич, 74 (2:1).

Ескертулер: Кейлер 16 – Жанысбаев 16, Озғанов 86, Шевченко 90+3

«Қайсар»: Рушинас, Кейлер, Ілиясов, Жақаев, Керімжанов, Нәрзілдаев (Вяткин 79), Сахалбаев (к) (Павинич 46), Граф (Марочкин 77), Алтынбеков (Цуркан 62), Марушко, Күнов

Резерв: Исламқұлов, Балымбетов, Қалмұратов, Сүйінов, Алтаев

«Каспий»: Аязбаев (к), Жанысбаев (Елтаев 57), Таңжарықов, Қабылан (Озғанов 69), Пасеченко, Коне, Шевченко, Қадырбаев (Қызылтаев 85), Шәлекенов, Ескендіров (Алқамбеков 76), Арменов

Резерв: Овчинников, Жақыпов

Төрешілер: Филатов (Сараң), Кенжебаев (Шымкент), Талапкеров (Орал)

Қызылорда. Ғ. Мұратбаев стадионы. 1 200 көрермен. 

«Қызыл-Жар» (Петропавл) – «Қыран» (Шымкент) 3:0 (1:0)

Голдар: Ступич, 14. Соколенко, 56. Струков, 87-пен.

Ескертулер: Мульдинов 35, Аитов 89 – Балтабеков 27, Ахымбеков 75, Сүлейменов 81
Қызыл қағаз: Қаленов 84, Ахымбеков 90+1.

«Қызыл-Жар»: Нестеренко (к), Гунченко, Соколенко, Сұлтанов, Аверченко (Серғалиев 89), Аитов, Байжанов (Перцух 68), Мульдинов (Попадинец 80), Сапарғалиев (Волков 90), Ступич, Струков

Резерв: Калмыков, Зәкіров, Макаев, Алиев, Пасичник

«Қыран»: Қаленов, Бөрібай, Жақсыбайұлы, Шәмші (Сүлейменов 66), Жолдасов (к) (Ермырзаев 76), Дуплякин, Увалиев (Сейдахмет 86), Балтабеков, Ахымбеков, Е.Набиев (Э.Набиев 66), Нохрин

Резерв: Аметов, Төреханов, Ходжамов

Төрешілер: Бильдинов (Қарағанды), Шевелев, Серікболов (екеуі де – Семей).

Петропавл. «Қарасай» стадионы. 4 000 көрермен.

«Алтай» (ШҚО) – «Байқоңыр» 6:0 (3:0)

Голдар: Нұрғалиев 3, Заречный 26, Шафф 42, Шафф 62, Димов 88, Шакин 90
Шафф 11-минутта пенальти орындай алмады (қақпашы).

Ескертулер: Заречный 26, Жағыппар 41, Димов 51, Колодин 53, Карпович 69 – Қарабек 37, Кемалұлы 49

«Алтай»: Колбунцов, Жағыппар, Умашев, Таңібергенов (Шакин 46), Карпович (к) (Мұқанов 70), Д.Шмидт, Шафф. Нұрғалиев (Ерсәлімов 66), Димов, Заречный (Е.Шмидт 77), Колодин

Резерв: Котляр, Халелов, Таипов, Щеткин

«Байқоңыр»: Салайдин, Кемалұлы, Рүстемов, Тілеуқабылов, Досманбет (Оразбек 68), Дастанов, Дүйсембаев, Қарабек (к), Төлегенов, Төлегенұлы, Жолдасов (Ыбыраев 65)

Резерв: Тілеуов, Аяжан, Серік, Ысқақов

Төрешілер: Московченко (Павлодар), Завгородний (Петропавл), Долгих (Павлодар)
Семей. «Спартак» стадионы. 3 000 көрермен.

«Шахтер-Болат» (Қарағанды) – «Мақтаарал» (ОҚО) 1:2 (0:0)

Голдар: Ыбраев, 51 (0:1). Бернацкий, 80-пен (1:1). Арғымбаев, 83 (1:2).

Ескертулер: Тарасов 39, Жолшорин 82 – Рыбалко 56, Арғымбаев 90+2

«Шахтер-Болат»: Матаев, Кәрімов, Жақыпов, Базарнов, Жолшорин, Тарасов, Наурызбаев, Бернацкий (к), Алекперзаде, Жүсіпов, Зверев (Рақышев 45)
Резерв: Ақбұлан, Лунев, Төлеппов, Щербаков, Наркескен, Буртовой

«Мақтаарал»: Кувшинов, Бақтияров, Балтабаев, Рыбалко, Мәжитов, Абутов (Әліпбеков 86), Азаматов (Арғымбаев 46), Ыбраев (к), Махамбетов (Тәжмағамбетов 76), Покатилов, Шубаев (Эрбес 90)

Резерв: Андреев, Әріпов, Ілімов, Иманов, Фильчаков

Төрешілер: Исмұратов (Астана), Якбаров (Семей), Ходотчук (Павлодар)
Теміртау. «Металлург» стадионы. 300 көрермен.

«Бәйтерек» (Астана) – «Екібастұз» 0:2 (0:1)

Голдар: Бралин, 6. Зейноллин, 66.

Ескертулер: Тыныбек 52, Алиев 73

«Бәйтерек»: Черных (к), Алиев, Еркен (Мұханбет 90+3), Қамбил, Құлекенов, Мәрсәлімбаев, Оралбай (Мұқанов 75), Сләмбеков (Әбдеш 56), Тайкенов (Сайфулин 86), Тыныбек, Хуснадинов

Резерв: Муханов, Әбдразақов, Жақыпбаев, Садыров, Бөкеев

«Екібастұз»: Нарынбаев, Жарынбетов, Червов (Қуанышев 46), Чифин (Зейноллин 60), Омаров (Павленок 90+2), Оразалиев, Айменов, Әубакіров (Саденко 64), Бралин (к), Жұмкенов, Мырзабаев

Резерв: Сотник, Әлібеков, Головешкин

Төрешілер: Лесив (Семей), Кольев (Павлодар), Хасап (Шымкент)

Астана. «Астана Арена» стадионы. 200 көрермен.

Тізімге қайта оралу