|   |   |  Бірінші лига: “Алтай” адымдап келеді

Бірінші лига: “Алтай” адымдап келеді

Бірінші лига: “Алтай” адымдап келеді
Бірінші лиганың үздіктері – "Қайсар" мен "Алтай"

Футболдан Қазақстан чемпионатының бірінші лигасындағы сегізінші тур төрт күнге созылды. Осы турдың соңғы матчында «Алтай» «Қыранды» тізе бүктірді.

Бірінші лигамыздағы VІІІ-тур сенбі күні басталып, үш ойыны өткен болатын. Жексенбіде «Екібастұз» бен «Қызыл-Жар» кездесіп, шектен тыс тартысты өткен ойын тағдырын пенальтиден соғылған жалғыз гол шешті. Струков 75-минутта 11-метрлік айып соққысын мүлтіксіз орындап, қонақтар үш ұпай олжалады. Әрі «Қызыл-Жар» осы жеңісінің арқасында екінші орынға көтерілді.

Дүйсенбі күні кешқұрым Шымкенттегі Қажымұқан бабамыздың атындағы стадионда «Қыран» мен «Алтай» кездесті. Бұл ойында да қонақтар жеңіске жетті.

«Алтай» табан ақы, маңдай терімен қол жеткізген тоғыз ұпайынан айырылса да, жеңістерін бір-біріне сабақтап, жоғары өрлеп келеді. Қазір сегіз ұпаймен 7-орында тұр.

Егер Қазақстан футбол федерациясы әлгі тоғыз ұпайынан айырмағанда, дәл қазір 17 ұпаймен екінші-үшінші орындарды бөлісіп, «Қызыл-Жар» командасымен иық қағыстырып тұрар еді.

«Екібастұз» – «Қызыл-Жар СК» (Петропавл) – 0:1

Гол: Струков, 75-пенальтиден

Алаңнан қуылғандар: Сүлейменов, 74 (екінші ескерту) – Бурцев, 90+1.

«Екібастұз»: Нарымбаев, Жарынбетов, Червов (Әнуарбеков, 86), Чифин (Павленок, 75), Сүлейменов, Оразәлиев, Айменов, Бралин, Жұмкенов, Головешкин (Қуанышев, 63), Мырзабаев.

«Қызыл-Жар СК»: Нестеренко, Макаев (Перцух, 46), Соколенко (Пасичник, 90+4), Сұлтанов, Аверченко, Айытов, Байжанов, Бурцев, Ступич (Мүлдінов, 85), Волков (Гунченко, 73), Струков.

«Қыран» (Шымкент) – «Алтай» (ШҚО) – 0:2

Голдар: Шафф, 67. Нұрғалиев, 76.

«Қыран»: Қаленов, Жақсыбайұлы, Аймұрзаев, Шәмші, Әметов, Жолдасов, Дуплякин, Мыңбаев, Ермұрзаев, Нохрин, Задорожный.

«Алтай»: Колбунцов, Жағыппар, Ұмашев, Тәңірбергенов, Колодин, Карпович, Д.Шмидт, Заречный, Ерсәлімов, Нұрғалиев, Шафф.

Бірінші лиганың ІХ-турі 5  маусым күні өтеді.

VІІІ-турдан кейінгі жағдай:


* "Алтайдың" 9 ұпайы шегерілген

Мергендер тізімі:


Тізімге қайта оралу