|   |   |  "Қайсар" Қожағапановтың қаһарынан қорқып, директорын қызметтен босатты ма?

"Қайсар" Қожағапановтың қаһарынан қорқып, директорын қызметтен босатты ма?

"Қайсар" Қожағапановтың қаһарынан қорқып, директорын қызметтен босатты ма?
Эдуард Глазунов "Қайсардан" кетті

Тағайындалғанына екі айға да жетпеген Эдуард Глазунов «Қайсар» футбол клубынан кетті. Директордың қызметін атқарушы болып Әлназаров Жаңабек Шәріпбайұлы тағайындалды.

Эдуард Глазунов «Қайсар» футбол клубының директоры болып үстіміздегі жылы сәуір айының басында тағайындалған болатын. Дегенмен, жұмыс істегеніне екі ай болмай жатып, қызметінен кетуге мәжбүр. Ресми мәлімдемеге сүйенсек, отбасылық жағдайы себеп болған. Дегенмен, Сыр елінен жеткен «бейресми агенттіктер» «Қайсар» футбол клубының басшылары ҚФФ Президенті Ерлан Қожағапановтың қаһарына ұшыраудан қорқып, директорын кетіру туралы шешім қабылдағанын айтады.

Естеріңізге сала кетейік, 18 мамыр күні Астанада өткен Лига кеңесінің мәжілісінде КФЛ Президенті Олжас Абраевтың «отставкасына» қарсы шыққан екі клубтың бірі осы «Қайсар» болатын. Қызылордалық клубтың атынан Астанаға Эдуард Глазунов барған. Ал «Қайсар» биыл Премьер-лигаға қайта оралуды көздеп отырғандықтан ҚФФ тарапынан артық жауды қаламайтыны анық. Оның үстіне, басты бәсекелестерінің бірі – «Қызыл-Жар» футбол клубының директоры Григорий Лория сол отырыста Қожағапановтың алдында біраз «ұпай жинап алды».

Міне, Қызылордада қазір жергілікті жанкүйерлер арасында осындай әңгімелер таралып үлгерді. Олардың пікірінше директорлардың кезекті «отставкасы» Павлодардың «Ертісіне» жетуі мүмкін. Әлбетте, бұл жерде қызылордалық спорт басшылығын да айыптай алмайсың. Қанша дегенмен ешкім де өз клубына жоғарғы жақтан жау тілеп алғысы келмейді.   

Осы жайында Эдуард Борисовичтің өзінен сұрағанымызда әзірге сұхбат беруге дайын еместігін айтып, аздап тынығып алғысы келетінін жеткізді.  

Айта кетейік, дәл қазір Бірінші лиганың 8-турынан кейін Қызылорданың "Қайсары" 18 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап келеді. Басты бәсекелесі "Қызыл-Жардан" бір ұпайға алда. Осы матчтарда "қасқырлар" 5 ойында жеңіске жетіп, үшеуінде тең түскен. Келесі кездесуінде 5 маусымда өткізіп, Ақтаудың "Каспиін" қабылдайды.

Тізімге қайта оралу