|   |   |  Премьер-лига. "Қайрат" сенсациядан қашып құтылып, "Ордабасы" омақасты

Премьер-лига. "Қайрат" сенсациядан қашып құтылып, "Ордабасы" омақасты

Премьер-лига. "Қайрат" сенсациядан қашып құтылып, "Ордабасы" омақасты
"Қайрат" "Ақжайықты" әзер жеңді

Түзде бірдей есеппен жеңіске жеткен «Астана» мен «Ертіс» турнир кестесінде тағы да алға ұзады. Ал Алматының «Қайраты» әупірімдеп үздік үштікке енді. Жалпы, бұл турда ешқандай командаға да жеңіс оңайлықпен келген жоқ.

«Астана» «Ақтөбенің» «автобусын» бұза алды

13-турдың орталық кездесуі Ақтөбеде өткен. Еліміздің бес дүркін чемпионы елорданың «Астанасын» қабылдады. Әлбетте, алғашқылары қазір бұрынғыдай айбатты емес. Азу тістерінен қағылған «Ақтөбе» әйтеуір «тылсым күштің» арқасында үздік алтылықта келеді. Бұл жолы олар «Астанамен» кездесті. Олардың да өз «құдайы» бар. Сондықтан, бұл матчта алаң иелеріне тек өз күштеріне сенуге тура келді.

Бас бапкері Юрий Уткульбаев қорғанысқа көбірек көңіл бөлуді жөн көріпті. Артқы шепке бес ойыншысын қойды. Бірақ бәрібір көмектеспеді. 83-минутта Евгений Постниковтың әуелете асырған пасынан кейін Неманья Максимович допты баспен қақпаға дәл қадады.

«Ертіс» «Атыраудан» айласын асырды

Павлодардың «Ертісі» чемпиондардың соңынан қалар емес. Ойындағы жалғыз голды 50-минутта Роман Муртазаев соқты. Бес қорғаушыдан құралған қорғанның беріктігіне қарамастан айып соққысын әдемі орындаған Рома алаң иелерінің қақпасынан кішкентай ғана саңылау тапты.

Рас, 75-минутта «Атырау» гол соққандай болған. Бірақ Трытьконың голын төрешілер санаған жоқ. Олардың пікірінше, қорғаушылар допты сызыққа жеткізбей қайтарып үлгерген.
– Обьективті болу қажет деп есептеймін. Әлбетте, арыз жазғанда бізге голымызды қайтарып бере қоймайды. Тек төрешілер әділ болса екен деймін, - деді ойыннан кейін «Атыраудың» бас бапкерінің міндетін атқарушы Юрий Коньков.

«Ақжайық» Алматыда сенсацияға аз қалды

Чемпионаттың басты аутсайдерлерінің бірі «Ақжайық» Алматыда айбатты «Қайратқа» қарсы әжептеуір айбат көрсетеді деп ешкім ойлаған жоқ шығар. «Қайрат» футболшылары да қарсыласты қалпақпен қайырып алуға дайын болған болар. Алайда, оралдықтар оңтүстік астанада сенсация жасауға аз қалды. Үшінші минутта-ақ Руслан Валлиулин есеп ашқан. 16-минутта Андрей Аршавинге қарсы ойын ережесі бұзылып, Бауыржан Исламхан пенальтиді әдемі орындады.

Міне, осыдан кейін тізгін толығымен алаң иелерінің қолына көшуі тиіс болатын. Бірақ қақпашы Сидельниковтің қателігін ұтымды пайдаланған «кәрі қасқыр» Олег Хромцов допты алыстан қақпашының бойынан асырып, енгізе салды.

Осыдан кейін бір сенсацияның шеті қылтиған. Алматылықтар барын салғанымен қонақтардың қорғанысы сыр бермей, барлық шабуылдарға тойтарыс беріп жатты. Оның үстіне, биыл «Ақжайық» «Қайратқа» қарсы қалай ойнау қажеттігін 3-тур аясында көрсетіп, өз алаңында 2:1 есебімен жеңіске жеткені бар.

Бірақ, сенсация орын алмады. 89-минутта Жерар Гоу есепті теңестіріп, 90-минутта Леандре Тавамба таразы басын өз жақтарына қарай аударды. Қорытынды есеп – 3:2.

«Жетісудың» қатарынан үшінші жеңісі

Қатарынан үш ойында жеңіске жеткен Талдықорғанның «Жетісу» футбол клубы турнир кестесінде 7-орынға көтерілді. Бүгін Алмас Құлшынбаев шәкірттері түзде «Ордабасымен» кездескен. Шымкенттің аптаған ыстығында өткен ойынның 11-минутында қақпашымен жеке-дара шыққан Душан Савич Сергей Бойченкодан айласып асырып, қонақтарға жеңіс сыйлады.

Дегенмен, келесі турда талдықорғандықтар «Ақтөбені» қабылдайды. Иә, қиын болайын деп тұр.

Байжанов Премьер-лигадағы 35-голын соқты

Қарағандының «Шахтері» биыл ойнап қарық қылып жүрген жоқ. Бұған дейінгі 12 ойында бар болғаны төрт-ақ гол соққан. Бесінші голды бүгін «Тобыл» қақпасына Мақсат Байжанов соқты. Бұл Мақсаттың Қазақстан Премьер-лигасындағы 35-голы еді және қарағандылықтарға жеңіс сыйлаған құтты гол болды. Оң қапталдан пас алған Мақсат Байжанов алыстан қақырата теуіп, «Тобыл» қақпашысы Петуховты сан соқтырды.

Жалпы, «Тобылдың» құрамы қарымды. Әр ойыншысы өз қапталының үздігі және осы құраммен үздік үштіктен көрінуге де мүмкіндік бар. Алайда, командаға жақсы жаттықтырушы қажет секілді. Олег Лотов қанша жерден білікті болғанымен тәжірибесі аз маман екенін Огай кеткелі байқап жүрміз.

«Оқжетпес» «Таразды» қорғанын бұза алмады

Көкшетаудың «Оқжетпесі» елорданың «Астана-Аренасында» чемпионаттың басты аутсайдері «Таразды» қабылдаған. Юрий Максимов бас бапкер болып келгелі киелі қаланың командасы футбол ойнауды үйрене бастапты. Көкшеліктерге қарсы ойында негізінен қорғанысқа иек артқанымен қарымта шабуылдарды тәп-тәуір ұйымдастырып жатты. Алайда, ашығын айту керек, алаң иелерінің басымдығы көзге ұрып тұрды. Әлібек Бөлешов екінші таймның ортасында ашық қақпаға допты қақпаға тура бағыттай алмаса, Жасұлан Молдақараевтың допты жерге түсірмей тепкен әдемі соққысы маңдайшадан сәл биік ұшты. Осылайша, таблода 0:0 есебі тіркелді.

13-тур (29.05.2016 ж)

«Ақтөбе» – «Астана» 0:1 (0:0)

Гол: Максимович, 83

Ескертулер: Бочаров 22 — Постников 38, Щеткин 89

«Ақтөбе»: Отарбаев (Павлов 85), Куаджа, Сорокин, Цвейба, Ситдиков, Бочаров (Жаңғылышбай 80), Азовский, Крюков, Смақов (к), Шестаков, Айымбетов (Жалмұқан 7).

Резерв: Жұмашев, Қайыров, Тотай, Әбдікәрімов, Жұмағали
«Астана»: Эрич, Постников, Аничич, Каньяс, Деспотович (Щеткин 86), Максимович, Аруна (Абдурахими 71), Шомко, Мужиков, Нөсербаев (к) (Тағыберген 82), Логвиненко

Резерв: Мокин, Бейсебеков, Гурман, Шаихов, Наджарян, Жүнісов

Төрешілер: Алиев (Алматы), Сүйінов (Павлодар), Лабашов (Атырау)

Ақтөбе. Орталық стадион. 8 000 көрермен

«Атырау» – «Ертіс» (Павлодар) 0:1 (0:0)

Голдар: Муртазаев, 50.

Ескертулер: Коробкин 15 — Фонсека 40, Муртазаев 44, Алиев 45, Фаль 71, Лория 90+1

«Атырау»: Нарзикулов, Дамчевски (Макась 61), Ламанж, Эссаме (к), Аржанов, Трытко, Балтаев (Кузьмин 37), Эсатов, Қонысбаев, Коробкин, Сапаров (Куртян 46)

Резерв: Жомартов, Нурмухаметов, Шарпар, Мулдаров, Чуреев, Шабалин

«Ертіс»: Лория (к), Йирсак (Гетериев 67), Фонсека (Фернандес 84), Фредгеймас, Керла, Джаллоу, Фаль, Алиев, Есимов, Муртазаев (Сартаков 90+2), Малый

Резерв: Цирин, Кислицын, Аяғанов, Киров, Попов

Төрешілер: Чесноков (Өскемен), Виноградов (Петропавл), Құсайынов (Астана)
Атырау. «Мұнайшы» стадионы. 3 000 көрермен

«Қайрат» (Алматы) – «Ақжайық» (Орал) 3:2 (1:2)

Голдар: Валиуллин, 3 (0:1). Исламхан, 16-пенальти 16 (1:1). Хромцов, 31 (1:2). Гоу, 89 (2:2). Тавамба, 90+2 (3:2).

Ескертулер: Қуат 55 – Хромцов 22, Омаров 36, Шурыгин 37, Багаутдинов 81, Мальцев 85

«Қайрат»: Сидельников (Плотников 40), Исаэль, Гоу, Маркович, Аршавин (Ли 90+2), Бакаев, Исламхан (к), Қуантаев, Қуат (Тавамба 70), Рудосельский, Лунин

Резерв: Дарабаев, Нұрмұғамет, Мусаев, Вороговский

«Ақжайық»: Багаутдинов, Колуния, Ортиз, Николич, Хромцов (Мальцев 69), Антипов (Сергиенко 49), Валиуллин (Бегалин 66), Омаров, Сапанов (к), Шевцов, Шурыгин

Резерв: Удалов, Сәрсекенов, Тапалов, Хаиров

Төрешілер: Атажанов (Шымкент), Айжігітов (Қызылорда), Бейжанов (Петропавл)

Алматы. Орталық стадион. 8 000 көрермен.

«Ордабасы» (Шымкент) – «Жетісу» (Талдықорған) 0:1 (0:1)

Голдар: Савич, 11.

Ескертулер: Сүйімбаев 38, Диакате 44, Тұңғышбаев 84 — Сағындықов 34, Әмірсейітов 43, Джалович 44

«Ордабасы»: Бойченко, Диакате, Чатто (Бейсенов 66), Касалица (Трифунович 58), Симчевич (Төлебек 52), Трайкович, Абдулин, Нұрғалиев (к), Сүйімбаев, Тұңғышбаев, Қожабаев

Резерв: Бекбаев, Адырбеков, Әшірбеков, Ирисметов, Мұхтаров, Қайқыбасов
«Жетісу»: Пасеченко (к), Кадио, Джалович, Клайн, Моисов (Харун-Заде 90+2), Савич, Симоновски (Калинин 55), Сағындықов (Азовский 72), Әмірсейітов, Шабаев, Тұрысбек

Резерв: Шабанов, Әділханов, Мыңбаев, Боровский, Балғабаев, Хасанов

Төрешілер: Алешин (Павлодар), Тергеусізов (Алматы), Субботин (Ақтөбе)
Шымкент. Қажымұқан стадионы. 4 000 көрермен.

«Шахтер» (Қарағанды) – «Тобыл» (Қостанай) 1:0 (1:0)

Голдар: Байжанов, 42.

Ескертулер: Уббинк 17, Тарасов 81, Багинский 88 — Жұмасқалиев 35, Кургулин 85.

«Шахтер»: Багинский, Уббинк (Зенели 84), Садовничий, Курилов, Сзоке, Нұрыбеков (Финонченко 64), Габышев, Ермеков (Скорых 74), Пикалкин, Тарасов (к), Байжанов

Резерв: Шацкий, Ягуби, Горячий, Дубков, Ветров, Тәттібаев

«Тобыл»: Петухов, Дяк, Дудченко, Жулпа, Кассай, Шимкович, Яворский, Жұмасқалиев (к) (Досмағамбетов 73), Кургулин, Мирошниченко, Мухутдинов (Хижниченко 59)

Резерв: Логиновский, Н’Диайе, Главина, Аслан, Джалилов, Левин, Розыбакиев.
Төрешілер: Измайлов (Талдықорған), Попов (Өскемен), Филоненко (Тараз)
Қарағанды. «Шахтер» стадионы. 1 000 көрермен.

«Оқжетпес» (Көкшетау) – «Тараз» 0:0

Ескертулер: Чертов 40 — Байтана 28, Недашковский 81, Таубай 90

Қызыл қағаз: Чертов 85

«Оқжетпес»: Стаменкович, Чертов, Чижов, Еоне, Нганбе, Ристович (Юрин 58), Куксин, Мангуткин, Хайруллин, Молдақараев, Бөлешев (к) (Алхазов 74)
Резерв: Бабаханов, Төлиев, Чичулин, Жұмаханов, Лебедев, Қожамберді, Зябко
«Тараз»: Григоренко, Мера, Данилюк, Мане, Воротников, Баялиев (Айтбаев 75), В.Евстигнеев (к), Таубай, Сүлей, Байтана (Шахметов 46), Нұралы (Недашковский 59)

Резерв: Докич, Д.Евстигнеев, Қаримолла
Төрешілер: Холматов (Қызылорда), Попов (Павлодар), Шәріпов (Атырау)

Астана. «Астана Арена» стадионы. 1 500 көрермен.

Тізімге қайта оралу