|   |   |  Қазақстан чемпионаты ма, әлде Қызылорда біріншілігі ме?!

Қазақстан чемпионаты ма, әлде Қызылорда біріншілігі ме?!

Қазақстан чемпионаты ма, әлде Қызылорда біріншілігі ме?!
"Қайсар" – "Байқоңыр". Фото: Қызылорда командасының жеке парақшасынан

Бүгін футболдан Қазақстан чемпионатының бірінші лигасында сегізінші турдың үш ойыны өтіп, Қызылорданың екі командасы өзара кездесті.

Сегізінші турда бірінші лигадағы Қызылорданың екі командасының жолы түйісіп, додаға түскен болатын. Қызық болғанда, Ғани Мұратбаев атындағы стадионда осы қаланың өкілдері, бәрі де қызылордалықтар болып шықты.

Екі команда да – Қызылордадан, бас төреші де – Қызылордадан, қапталдағы төрешілер де – Қызылордадан, қосалқы төреші де – Қызылордадан, ойынның нұсқаушысы да – Қызылордадан...

Сонда бұл не? Жаңылпаш па?... Деп отырған боларсыз. Жоқ, бұл – Қазақстан чемпионатының бірінші лигасындағы кезекті турдың ресми ойыны. Бірақ неге бәрі Қызылордадан? Оны біз де білмейміз...

Қазақстан чемпионатының тағы бір өзгешелігі осы болып отыр. Естімеген елде көп деген осы болар... Бұған шетелдіктер қалай қарайды екен? Қазақстан футбол федерациясы бұған қалай жол берген?..

Қызылордадағы ойында «Қайсар» жеңді. Тіпті оларға пенальти орындау мүмкіндігі беріліпті...

Бүгін тағы екі ойын өткен. «Мақтаарал» Жетісайда «Бәйтеректен» басым түсіп, екінші орынға шықты. Алайда ертең «Қызыл-Жар» жеңіске жетсе, екінші орынға көтеріліп, оңтүстікқазақстандықтарды бір саты төмен сырғытады. Бірақ «Екібастұз» петропавлдықтардан ұтыла қояр ма екен?..

«Каспий» болса, Ақтауда Темуртау командасын ойсырата жеңіп, көшбасшларға таұай түсті. Бірінші лиганың қалған екі ойыны ертең және дүйсенбі күні өтеді.  


«Байқоңыр» – «Қайсар» – 1:2

Голдар: Павинич, 11 (0:1). Алтынбеков, 65 (0:2). Рүстемов, 82 (1:2).

45+1-минутта Нәрзілдаев пенальти соға алмады

«Байқоңыр»: Салайдин, Кемалұлы (Досманбет, 87), Рүстемов, Тілеуқабылов, Аяжан, Дастанов, Дүйсембаев (Ыбыраев, 72), Қарабек, Төлегенов (Пахаев, 69), Төлегенұлы, Жолдасов (Жұмабаев 64).

«Қайсар»: Исламқұлов, Ілиясов, Қалмұратов (Жақаев, 54), Сүйінов, Вяткин (Нүсіп, 69), Павинич (Алтынбеков, 46), Керімжанов, Нәрзілдаев (Сақалбаев, 46), Алтаев, Граф, Марушко

Төрешілер: Е.Жантуғанов, А.Ахметов, М.Әбдікеров (бәрі де – Қызылорда)

Қосалқы төреші: Т.Жақсылық (Қызылорда)

Матчтың нұсқаушысы: А.Серіков (Қызылорда)


«Мақтаарал» – «Бәйтерек»  1:0

Гол: Ыбыраев, 78.

«Мақтаарал»: Кувшинов, Бақтиаров, Балтабаев, Мәжитов, Арғымбаев (Орынбеков, 90+2), Азаматов (Әліпбеков, 46), Ыбыраев, Покатилов, Тәжмағамбетов (Махамбетов, 46), Фильчаков (Эрбес, 46), Шұбаев.

«Бәйтерек»: Черных, Алиев, Гладченко, Еркен, Жақыпбаев, Кәмбіл, Күлекенов (Сламбеков, 77), Мирсалимбаев (Мұқанов, 61), Оралбай, Тәйкенов (Садыров 90), Тыныбек.

Төрешілер: Омаров (Алматы), Серікболов (Семей), Сысоев (Көкшетау)


«Каспий» – «Шахтер-Болат» – 4:0

Голдар: Жанысбаев, 3. Әрменов, 40. Әрменов, 42. Әрменов, 48.

«Каспий»: Аязбаев, Жанысбаев (Елтаев 78), Таңжарықов, Қабылан, Пасеченко, Коне, Шевченко, Қадырбаев, Искендіров (Қызылтаев, 83), Ахмеев (Жақыпов, 69), Әрменов (Сарғұлов, 85)

«Шахтер-Болат»: Ақбұлан, Лунев (Алексеев, 46), Кәрімов, Егізбаев (Щербаков, 36), Буртовой (Базарнов 69), Жолшорин, Науырзбаев (Рақышев, 46), Бернацкий, Алекперзаде, Жүсіпов, Зверев.

Төрешілер: Сариев (Орал), Қасенов (Астана), Исқақов (Орал)

Тізімге қайта оралу