|   |   |  Жазғы трансфер кезеңінің мерзімі бекітілді

Жазғы трансфер кезеңінің мерзімі бекітілді

Жазғы трансфер кезеңінің мерзімі бекітілді
Фото fca.kz сайтынан

Қазақстан футбол федерациясының Атқару комитеті ел чемпионатындағы жазғы трансферлік кезеңнің мерзімін бекітті.

Бұл ақпарат кеше кешкісін ғана еліміздегі Кәсіпқой футбол лигасының ресми сайтында жарияланды. 

Негізі, Қазақстан футбол федерациясы Атқару комитетінің отырысы 18 мамыр күні өтіпті. Сонда жазғы трансферлік тіркеу кезеңі 2016 жылдың 8 маусымында ашылып, 5 шілдеде жабылатындығы бекітілген.

Бұл ресми мәліметті премьер-лигадағы командалардың көбісі тосып жүр. Өйткені көбісі осал шептерін нығайтып алуды көздеуде.

Мәселен, «Астана» Чемпиондар лигасы алдында құрамын нығайтып алуды ойлап жүрсе, «Ордабасы» тәжірибелі қақпашы іздеп әлек. Тіпті қалталары жұқа «Ақжайық» пен «Шахтер» де құрамдарын күшейтуді біраздан бері жоспарлап жүргендері белгілі.

Тізімге қайта оралу