|   |   |  Самат Смақов маусым соңында сұрмерген қатарынан көрініп жатса, таңғалмаңыз

Самат Смақов маусым соңында сұрмерген қатарынан көрініп жатса, таңғалмаңыз

Самат Смақов маусым соңында сұрмерген қатарынан көрініп жатса, таңғалмаңыз
Самат Смақов сұрмергендер тізімінде

Премьер-лиганың 12-туры тосын нәтижелерге толы болды. Әдетте оңайлықпен берілмейтін «Оқжетпес» Алматыда «Қайраттан» 0:6 есебімен ойсырай жеңілді. «Ертіс» өз алаңында аутсайдер «Ақжайықты» ұта алмады. Ал «Ақтөбе»... Оларды жеңілістен тағы да пенальти құтқарды.

«Ақтөбенің» бесінші пенальтиі

Шыны керек, «Ақтөбенің» ойынында қызмет ететін төрешілер алқасына жаным ашиды. Бір жағынан жанкүйерлердің мазағына қалғысы келмегенімен екінші жағынан «дәу бастықтың» командасына көмектеспесең тағы болмайды. Өмір мен өлімнің арасында жүргендей болатын оларды ойын барысында артық салмақ тастап қана қоймай, жүйкелерін жұқартып шығатын  шығар деп те ойлайсың. Пенальти беру де өнер ғой. Ешкім күдіктенбейтіндей сәтті дәл ұстау да үлкен шеберлікті қажет етеді. Бүгін «Таразға» қарсы кездесуде бас төреші Игорь Чесноков «Ақтөбенің» биылдыққа бесінші пенальтиін алып берді. Оның капитан Самат Смақов дәл орындап, алаң иелерін жеңілістен құтқарып қалды. Айтпақшы, маусым соңында Самат үздік сұрмергендердің қатарынан көрініп жатса, таңғалмаңыз. Қазір оның еншісінде бес гол бар. Оның төртеуін пенальтиден соқты. 12 кездесуде бес пенальти беріліп, алда әлі 20 тур бар екенін ескерсек, бұл қарқынмен Смақов өзінің голдарының санын 10-15-ке дейін жеткізуі ғажап емес.

«Қайрат» «Оқжетпесті» ойсырата жеңді

Андрей Аршавиннің айдарынан жел ескен күн болды. Еуропа чемпионаты жақындағанға ма, Шава жасыл алаңда көсіле ойнап, «Оқжетпестің» қақпасына екі гол соқты. Көкшетаулықтардың қорғаушыларын әбден әбігерге салып, қақпашысын қара терге малды. Егер 58-минутта алмастырмағанда бәлкім, хет-трик авторы атанар ма еді, кім білсін. Одан бөлек, осы ойында Бауыржан Исламхан мен Жерар Гоу да екі-екі голдан соғып, «Оқжетпесті» 6:0 етіп, еліне қайтарды. Бұл биылғы маусымның ең ірі есебі.

«Астана» мен «Ордабасы» – тағы да 3:1

Бұл командалар екінші тур аясында Шымкентте кездескен. Сол кездесуде елордалықтар 3:1 есебімен басым түскен болатын. Бұл жолы да тура сол сценарий қайталанды. Бас кезінде біраз қарсыласқан шымкенттіктердің шамасы 20 минутқа ғана жетті. Одан кейін Станимир Стойлов шәкірттері тізгінді толығымен өз қолдарына алып, ойын аяқталғанша «Ордабасы» ойыншыларын артық қозғалтқан жоқ. Ал матчтан соң «Астананың» бас бапкері Станимир Стойлов былай деп қызық пікір білдірді:

– Дәл қазір Қазақстан ұлттық құрамасында бас бапкер жоқ. Сондықтан, Қытаймен болатын жолдастық кездесудің қаншалықты маңызды екенін түсіне алмай отырмын. Оның үстіне, бұл ойын мен алдағы іріктеу додасының арасындағы байланысты да көріп тұрған жоқпын. Шәкірттерімді осы матчқа жіберу-жібермеу туралы басшылықпен әлі сөйлескен жоқпын, - деді Стойлов.

«Атырау» түзде «Тобылды» жеңді

Бас бапкері Владимир Никитенко қызметінен кеткеннен кейін тізгінді өз қолына Юрий Коньков алған. Соның басшылығымен команда Қостанайға аттанып, «Тобылмен» кездесті. Александр Дамческидің 9-минутта соққан голынан кейін араға тура бір сағат салып, таразы басын «Тобыл» капитаны Нұрбол Жұмасқалиев теңестірген. Бірақ «Атырау» сапындағы екінші Александр, яғни Макась қонақтарға жеңісті жұлып әперді.

«Жетісудың» қатарынан екінші жеңісі

Талдықорғанның «Жетісуы» қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді. Өткен турда Оралдан үш ұпай алып қайтқан Алмас Құлшынбаев шәкірттері бұл жолы өз алаңында «Шахтердің» қақпасына жауапсыз екі гол соқты. Бірінші таймда бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алмаған командалар ойын тағдырын екінші таймда шешті. Душан Савич пен Илья Калининнің голдары талдықрорғандықтарға жеңіс әперіп, «Жетісудың» ұпай санын 12-ге жеткізді. Дегенмен, келесі турда Алмас Құлшынбаевтың командасына оңай болмайды. Олар «Ордабасымен» ойнау үшін Шымкентке қонаққа барады.

«Ертіс» «Ақжайықты» жеңе алмады

Көшбасшылар қатарында келе жатқан «Ертіс» екінші ойын қатарынан ұпай жоғалтып отыр. Өткен турдағысы, мейлі, «Қайратпен» ойнап, ұтылып қалды. Бірақ бұл жолы аутсайдер «Ақжайықпен» кездескен. Оның үстіне, өз алаңында. Алайда, гол соға алмай, пұшайман болды.

– Алда трансферлік кезең бар. Сондықтан, команданы күшейтуге тырысатын боламыз. Қай шепті күшейту керектігін жақсы білемін. Дегенмен, ойыншыларды шамамызға қарап іздейміз, - деді «Ертістің» бас бапкері Димитар Димитров.


Аршавин ашуына мінді ме?

12-тур, 21 мамыр

«Ақтөбе» – «Тараз» 2:2 (2:1)

Голдар: В. Евстигнеев, 38 (0:1). Смақов, 44-пен (1:1). Жалмұқан, 45+1 (2:1). Мане, 50 (2:2).

Ескертулер: Цвейба 57, Тілешев 90+4 — Мера 5, В.Евстигнеев 30, Григоренко 42, Байтана 90+6

«Ақтөбе»: Отарбаев, Давлатов (Цвейба 53), Куджа, Петролай, Сорокин, Ситдиков, Михалев, Жалмұқан, Кәкімов (Шестаков 63), Крюков, Смақов (к) (Тілешев 80)

Резерв: Павлов, Азовский, Қайыров, Тотай, Жаңғылышбай, Айымбетов

«Тараз»: Григоренко, Мера, Данилюк (Айтбаев 90+3), Мане, Воротников, Баялиев (Қарпық 46), В.Евстигнеев (к), Таубай (Қараман 70), Сүлей, Байтана, Нұралы

Резерв: Докич, Шахметов, Недашковский, Рымтаев

Төрешілер: Чесноков (Өскемен), Жаспенов (Алматы), Будниченко (Екібастұз)

Ақтөбе. Орталық стадион. 5 000 көрермен.

«Қайрат» (Алматы) – «Оқжетпес» (Көкшетау) 6:0 (1:0)

Голдар: Аршавин 28, Аршавин 52, Исламхан 54, Исламхан 68-пен., Гоу 82, Гоу 85

Ескертулер: Маркович 21, Аршавин 33, Исламхан 41 — Стаменкович 67, Юрин 76, Куксин 80

«Қайрат»: Плотников, Исаэль (Ли 83), Гоу, Маркович, Аршавин (Дарабаев 57), Тесак, Бакаев, Исламхан (к), Қуантаев, Қуат (Лунин 72), Рудосельский
Резерв: Сидельников, Тавамба, Нұрмұғамет, Даиров, Мусаев, Вороговский
«Оқжетпес»: Стаменкович, Чертов, Чижов (Молдақараев 59), Еоне (Ристович 70), Волков, Куксин, Мангуткин, Чичулин, Юрин, Хайруллин (Нганбе 60), Бөлешев (к)

Резерв: Бабаханов, Алхазов, Түлиев, Жұмаханов, Богданов, Зябко

Төрешілер: Тевяшок (Орал), Әубәкіров (Астана), Козлов (Ақтау)

Алматы. Орталық стадион. 6 500 көрермен.

«Астана» – «Ордабасы» (Шымкент) 3:1 (2:1)

Голдар: Аничич, 7 (1:0). Симчевич, 10 (1:1). Каньяс, 21 (2:1). Нөсербаев, 72 (3:1).
Ескертулер: Тағыберген 90 – Сүйімбаев 6.

«Астана»: Эрич, Постников, Аничич, Каньяс, Твумаси (Бейсебеков 87), Деспотович (Тағыберген 76), Максимович, Шомко, Мужиков (Аруна 86), Нөсербаев (к), Логвиненко

Резерв: Мокин, Абдурахими, Гурман, Шаихов, Наджарян, Щеткин

«Ордабасы»: Бекбаев, Диакате, Чатто (Бейсенов 77), Касалица (Юнузович 75), Симчевич, Трайкович, Абдулин, Адырбеков, Нұрғалиев (к), Сүйімбаев, Тұңғышбаев (Төлебек 77)

Резерв: Бойченко, Әшірбеков, Ирисметов, Мұхтаров, Қайқыбасов, Тәжімбетов

Төрешілер: Дузмамбетов (Өскемен), Бельский (Тараз), Васютин (Амлаты)
Астана. «Астана Арена» стадионы. 1 700 көрермен.

«Тобыл» (Қостанай) – «Атырау» 1:2 (0:1)

Голдар: Дамчевски, 9 (0:1). Жұмасқалиев, 69 (1:1). Макась, 83 (1:2).

Ескертулер: Мухутдинов 90 – Трытко 61, Эсатов 68

«Тобыл»: Петухов, Дяк, Жулпа (Н’Диайе 74), Кассай, Шимкович, Яворский, Главина (Кургулин 68), Жұмасқалиев (к), Мирошниченко, Мухутдинов, Хижниченко (Дудченко 68)

Резерв: Логиновский, Агайсин, Аслан, Досмағамбетов, Левин, Розыбакиев
«Атырау»: Нарзикулов, Дамчевски, Ламанж, Эссаме (к), Аржанов, Куртян, Трытко (Макась 63), Балтаев, Эсатов, Қонысбаев (Коробкин 46), Сапаров (Кузьмин 73)
Резерв: Жомартов, Маров, Шарпар, Мулдаров, Шабалин

Төрешілер: Абдуллаев (Қаратау), Полуэктов (Тараз), Тасыбаев (Павлодар)
Қостанай. Орталық стадион. 2 500 көрермен.

«Жетісу» (Талдықорған) – «Шахтер» (Қарағанды) 2:0 (0:0)

Голдар: Савич, 57. Калинин, 64.

Ойынның 71-минутында Зенели пенальти соға алмады.

Ескертулер: Сағындықов 45+1, Тұрысбек 84 — Пикалкин 45, Ягуби 84

«Жетісу»: Пасеченко (к), Кадио, Джалович, Клайн, Моисов (Калинин 57), Савич, Симоновски (Әділханов 90+3), Сағындыков, Әмірсейітов, Шабаев, Тұрысбек (Мыңбаев 90+3)

Резерв: Шабанов, Боровский, Балғабаев, Азовский, Харун-Заде, Хасанов

«Шахтер»: Багинский, Уббинк, Садовничий, Сзоке, Зенели (Өміртаев 76), Ермеков, Пикалкин, Тәттібаев (Ягуби 57), Тарасов (к), Байжанов, Скорых (Васильев 68)

Резерв: Ткачук, Горячий, Габышев, Дубков

Төрешілер: Гаузер (Петропавл), Журавлев (Павлодар), Жақсылық (Қызылорда)
Талдықорған. «Жетісу» стадионы. 2 300 көрермен.

 «Ертіс» (Павлодар) – «Ақжайық» (Орал) 0:0

Ескертулер: Фаль 70 — Шурыгин 12, Говедарица 44, Багаутдинов 87

Қызыл қағаз: Ахметов 78 – Говедарица 73

«Ертіс»: Лория (к), Гогуа (Фаль 68), Йирсак, Фонсека, Фрейдгеймас, Керла, Джаллоу (Фернандес 81), Әлиев, Есімов, Ахметов, Муртазаев (Воменко 86)
Резерв: Цирин, Сартаков, Кислицын, Аяғанов, Киров, Попов

«Ақжайық»: Багаутдинов, Говедарица, Ортиз, Валиуллин, Омаров, Сапанов (к), Сергиенко (Мальцев 58), Тапалов (Хаиров 82), Шевцов, Шурыгин, Бегалин (Хромцов 76)

Резерв: Удалов, Антипов

Төрешілер: Сахи (Қызылорда), Шабанов (Алматы), Филипчук (Шымкент)

Павлодар. Орталық стадион. 5 000 көрермен.

Тізімге қайта оралу