|   |   |  Бірінші лига. Шымкенттіктер көшбасшыларды қуып жетті

Бірінші лига. Шымкенттіктер көшбасшыларды қуып жетті

Бірінші лига. Шымкенттіктер көшбасшыларды қуып жетті
Байқоңыр - Мақтаарал 0:1

Бірінші лиганың іш пыстырарлық 6-турынан кейін турнир кестесінде көш бастаған командалардың саны төртеуге дейін жетті.

Өзі 10-ақ команда, көшбасшы төртеу. Иә-иә, тур қызықсыз өткенімен барлық қызық осында емес пе? Қызылорданың «Қайсары», Шымкенттің «Қыраны» мен «Мақтааралы» және «Екібастұз». 

Міне, осы квартеттің әрқайсысының еншісінде 12 ұпайдан бар. Дегенмен, «Қызыл-Жар» да көшбасшылардың өкшелерінен басып келеді. Петропавлдықтардың бір ғана ұпайы кем. Сондай-ақ, Қазақстан футбол федерациясы 9 ұпайдан қақпағанда «Алтай» да осылардың қатарында болар еді. Бірақ әзірге шығыс қазақстандық клуб небәрі 9-орында тұр. Алайда ойдағы 9 баллды өздеріне де, бәсекелестеріне де естен шығармау қажет. Өйткені, Қазақстан футбол федерациясы кез-келген сәтте тартып алған ұпайларын қайтарып бере салуы ғажап емес.

Сонымен, 6-тур. Орталық ойын Павлодар облысында өтті. Турнир кестесіндегі көшбасшылар «Екібастұз» бен «Қайсар» кездескен болатын. Екеуі де бұған дейін қақпаларына бірде-бір гол жібермеген командалар. Сондықтан, екі жақ үшін де бұл матчтың маңызы зор еді. Бір қызығы, қақпашылары мен қорғаушылары сауатты ойнап, командалар тағы да қақпаларын «құрғақ» ұстап қалды. Есеп – 0:0.

Фавориттер арасындағы тағы бір тартысты ойын да тең аяқталды. Петропавлда «Қызыл-Жар» мен «Алтай» кездескен. Бірінші таймда бір-бір голдан соққан командалар үзілістен сол күйі «шыққан жоқ», яғни екінші таймды командалар голсыз өткізді.

Фавориттер өзара ұпай бөлісіп жүргенде шымкенттік қос клуб «Қыран» мен «Мақтаарал» қарсыластарын жеңіп, көшбасшыларды қуып жеткен еді. «Қыран» өз алаңында Теміртаудың «Шахтер-Болатын» 2:0 есебімен тізе бүктірсе, жетісайлықтар Қызылордада «Байқоңырдан» 1:0 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ, екі апта бұрын бас бапкерін алмастырған «Каспий» де екінші ойында қатарынан жеңіске жетіп, жағдайларын жақсартып алды. Бұл жолы ақтаулық клуб өз алаңында біріншілік аутсайдері «Бәйтеректің» қақпасына жауапсыз төрт доп соқты.

6-тур

14 мамыр

«Қызыл-Жар» (Петропавл) – «Алтай» (ШҚО) 1:1 (1:1)

Голдар: Аверченко, 7 (1:0). Шакин, 37 (1:1).
Ойынның 63-минутында Д.Шмидт (А) алаңнан қуылды.

«Каспий» (Ақтау) – «Бәйтерек» (Астана) 4:0 (1:0)

Голдар: Утробин, 43. Мусса, 60. Жанысбаев, 68. Арменов, 71.

15 мамыр

«Екібастұз» – «Қайсар» 0:0

«Қыран» (Шымкент) – «Шахтер-Болат» 2:0 (0:0)

Голдар: Ахымбеков, 64. Жақсыбайұлы, 90.

«Байқоңыр» (Қызылорда) – «Мақтаарал» (Шымкент) 0:1 (0:1)

Голдар: Ыбраев, 21.

Тізімге қайта оралу