|   |   |  “Тараз” Мырзабаевты украин Максимовқа ауыстырды

“Тараз” Мырзабаевты украин Максимовқа ауыстырды

“Тараз” Мырзабаевты украин Максимовқа ауыстырды
Фото fctaraz.kz сайтынан

Бүгін "Тараз" футбол клубы басшылығының шешімімен бас бапкері ауысты. Бұл ақпаратты аталған команданың ресми сайты таратты.

"Тараз" футбол клубының ресми сайтындағы мәліметке сенсек, бұған Жамбыл облысы командасын жаттықтырған Нұрмат Мырзабаев өз еркімен отставкаға кеткен. Өздеріңіз білесіздер, «Тараз» бірінші айналмды кеше аяқтады. 11 ойында бір-ақ рет жеңіске жетіп, екеуінде тең түсіп, қалған сегізінді жеңілістің кермек дәмін татқан болатын. Әрі сегізінші турдан бері көш соңындағы 12-орыннан тапжылмай келеді.

Сөйтіп, осымен үшінші маманымыз бас бапкерлік қызметінен кетті. Бір қызығы, «Тараздың» жаңа бапкері дайын екен. «Тобыл» және «Атарау» клубтарындай емес, бұрынғы бапкерінен орнынан алған бетте, жаңа жаттықтырушысын бірден бекітті.

"Тараз" футбол командасы басшыларының шешімімен бас бапкерлік қызметке украин маманы Юрий Максимов тағайындалды.


Юрий Вильевич Максимов. 1968 жылы Украинаның Херсон қаласында туған. 1992 - 2002 жылдар арасында осы елдің ұлттық құрамасында өнер көрсетті. 27 - ойында бес гол соққан. Жартылай қорғаушы.

Футболшы ретінде Украинаның үш дүркін чемпоны. Украина, Германия кубоктарының иегері. Өз елінің «Кристалл», «Таврия», «Днепр», «Динамо» (Киев), «Металлург», ал Ресейдің «Ростов», Германияның «Вердер» және «Вальдхоф» клубтарында ойнаған.

Бас бапкер ретінде Киевтің ЦСКА, Минскінің «Динамо», Донцкінің «Металлург», «Оболонь» командаларын жаттықтырған. Жетістіктері де аз емес, осы «Оболонь» командасын бірінші лигадан Украинаның жоғарғы дивизионынына шығарды. «Кривбасс» командасын ұзақ уақыт алға сүйреді.

Соңғы қызмет атқарған командасы – Ресейдің «Мордовия» клубы. Осы командамен Ресейдің ҰФЛ-сында топ жарды. Үйленген. Екі ұл, бір қыз тəрбиелеп отыр.

Тізімге қайта оралу