|   |   |  “Қызыл-Жар” мен “Алтай” ұпай бөлісті

“Қызыл-Жар” мен “Алтай” ұпай бөлісті

“Қызыл-Жар” мен “Алтай” ұпай бөлісті
Фото "Алтай" командасының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Бүгін футболдан Қазақстан чемпионатының бірінші лигасында алтыншы турдың екі ойыны өтті.

Петропавлда жергілікті «Қызыл-Жар» Шығыс Қазақстан облысының «Алтай» клубын қабылдады. Бұл кездесу өте тартысты өтті. Алаң иелерінің тәжірибелі ойыншысы, кезінде Қазақстан ұлттық құрамасына тартылған Евгений Аверченко матчтың басында есеп ашқан.

Алайда жарты сағаттан кейін қонақтар таразы басын теңестірді. Жауапты голды елімізге танымал, кезінде жастар құрамасы сапында өнер көрсеткен Алексей Шакин соқты.

Екінші таймда гол соғылған жоқ. 63-минутта шығысқазақстандықтардың қорғаушысы Дмитрий Шмидт екінші рет ескерту алып, алаңнан қуылды.

Осы матчтан соң алты ойыннан 11 ұпай еншілеген «Қызыл-Жар» екінші орынға көтерілді. Көш басындағы «Қайсар» мен үшінші орындағы «Екібастұз» командасының да 11 ұпайлары бар. Бірақ олар бір ойын кем өткізген. Бұл екеуі ертең Екібастұзда өзара кездесіп, алтыншы турдағы матчтарын өткізеді.

Ал «Алтай» екі ұпаймен 9-орында тұр. Егер тоғыз ұпайы шегерілмегенде, шығысқазақстандықтар да 11-ұпаймен көш басындағы үш командамен «иық қағыстырып» тұрар еді.

VІ-тур. 14 мамыр

«Қызыл-Жар» – «Алтай» – 1:1

Голдар: Аверченко, 7 (1:0). Шакин, 37 (1:1).

«Қызыл-Жар СК»: Закиров, Гунченко, Султанов, Аверченко, Аитов, Алиев (Перцух, 79), Байжанов (Соколенко, 57), Хичри, Ступич, Волков (Макаев, 46), Струков.

«Алтай»: Колбунцов, Жағыппар, Ұмашев, Тайыпов (Ерсәлімов, 40), Колодин, Карпович, Д.Шмидт, Димов, Заречный (Щеткин, 81), Шафф, Шакин (Халелов, 90).

«Каспий» – «Бәйтерек» – 4:0

Голдар: Утробин, 43. Мусса, 60. Жанысбаев, 68. Әрменов, 71.

«Каспий»: Аязбаев, Жанысбаев (Елтаев, 69), Таңжарықов, Пасеченко, Коне, Қабылан, Шевченко, Утробин (Байсаров, 52), Искендиров (Қызылтаев, 77), Әрменов, Мусса (Жақыпов, 86).

«Бәйтерек»: Черных, Әбдіразақов (Сламбеков, 64), Гладченко, Еркен, Жақыпбаев, Қамбіл, Мирсалимбаев (Мұқанов, 46), Оралбай (Садиров, 72), Сәрсенғалиев (Хуснадинов, 64), Тәйкенов, Тыныбек.

Тізімге қайта оралу