|   |   |  Үздік алтылық сұрыпталып қалды

Үздік алтылық сұрыпталып қалды

Үздік алтылық сұрыпталып қалды
Фото fca.kz сайтынан

Футболдан Қазақстан премьер-лигасында бірінші айналымның ойындары аяқталуға айналды. Алдағы демалыс күндері ХІ-турдың ойындары өтеді.

Қазірдің өзінде үздік алтылықта жүлделі орындарды сарапқа салатын командалар қарасы анықталып қалғандай. «Астана», «Ертіс», «Оқжетпес», «Ордабасы» төртеуі биылғы маусым басталғалы – алдыңғы лекте. Бұлардың алғашқы алтылыққа ілігіп, төл біріншілігіміздің екінші бөлігінде доп додасының көрігін қыздыратындығына күмән келтіре алмаймыз.

Осы төртеуіне, сөз жоқ, «Қайрат» қосылуы керек. Ал алтыншы команда қай клубымыз болады екен? Әзірше «Ақтөбенің» аяқ алысына адам қызығады. Ұпайларының жартысынан көбісіне пенальтидің арқасында қол жеткізсе де, дәл қазір азуы алты қарыс «Қайраттың» өзінен озып тұр.

Негізі, үздік алтылыққа ілігуге мүкіндігі де, бар, қабілеті де жетерлік Қостанай командасы еді. Бірақ «Тобыл» “томпаң-томпаң” етіп, үздік алтылыққа жете алмай келеді. Білікті бас бапкер тапса, нәтижелі ойын өрнегін көрсетер де ме еді? Жалпы, әлеуеті – зор команда.

Сондай-ақ «Атырау» мен «Жетісу» да желпіне алмай келеді. Бәлкім, екінші айналымда көсіле сілтер. «Таразға» да ойынын түлету керек. «Ақжайық» жоқтан бар жасап, қайсарлық танытып келеді. «Шахтер» де шама-шарқының жеткенінше жанталасып жүр.

Енді елі чемпионатының Х-турдан кейінгі кестесін мен сұрмергендер тізіміне көз жүгірте отырыңыздар. Бірінші айналымды келесі аптада қорытындылай жатармыз:





Тізімге қайта оралу