|   |   |  Премьер-лигада “штаттағы” пенальтиші пайда болған ба?..

Премьер-лигада “штаттағы” пенальтиші пайда болған ба?..

Премьер-лигада “штаттағы” пенальтиші пайда болған ба?..
Фото "Ақтөбе" клубының әлеуметтік желідегі ресми парақшасынан алынды

Қазақстан премьер-лигасының оныншы туры бүгін басталып, үш ойыны өтті. Қалған үш ойынның ысқырығы ертең безілдейді.

Ордабасыүшінші орынға шықты...

«Ордабасы» өз алаңында «Шахтерден» басым түсіп, үшінші орынға шықты. Ұзаққа ма, жоқ әлде бір-ақ күнге ме, оны ертең білеміз. Өйткені, сейсенбіде «Оқжетпес» Талдықорғанда «Жетісумен» кездеседі. Осы ойында қоржынына қанша ұпай салса да, «Ордабасы» клубының алдын орап кетеді. Ал егер ұтылып қалса, онда оңтүстікқазақстандық команда өзіне лайық орында қалады.

Айтпақшы, біз болжағандай, «Ордабасы» сапына орталық қорғаушысы Трайкович оралды, ал шабуылшы Юнузович әлі көрінбейді.

«Шахтер» бесінші рет жеңілістің кермек дәмін татты. Шымкенттегі Қажымұқан атындағы стадионда қанша тырысса да, гол соғудың сәті түспеді. Бұл ойында деңгейі жоғары «Ордабасы» командасына азуы батпады.

«Ордабасы» – «Шахтёр» – 2:0

Голдар: Нұрғалиев, 22-пенальтиден. Тұңғышбаев, 47.

«Ордабасы»: Бекбаев, Қожабаев, Трайкович, Абдулин, Сүйімбаев, Диакате, Чатто (Гейнрих 72), Төлебек (Симчевич, 46), Нұрғалиев, Тұңғышбаев, Касалица (Тажімбетов, 68).

«Шахтёр»: Багинский, Тарасов, Садовничий, Зенели, Нұрыбеков (Тәттібаев, 76), Ягуби (Пикалкин, 67), Скорых, Ермеков, Байжанов, Уббинк (Габышев, 68), Финонченко.

...ал “Ертіскөш бастады

«Ертіс» өз алаңында көш соңында келе жатқан «Таразды» әупіріммен жеңіп, бірінші орынға көтерілді. Көш басында қанша тұрады, ол да ертең белгілі болады. «Астана» 10 мамыр күні «Ақжайықты» жеңсе ғана, көшбасшылық мәртебесіне қайта ие болады. Тең түсіп немесе ұтылып қалса, онда «Ертісті» ығыстыра алмайды.

Бұған дейінгі сыбыс рас болса, енді «Тараздың» бас бапкері ауысатын шығар. Биылғы маусымды аса жоғары қарқында бастап, тіпті азуы алты қарыс «Қайратың» өзін жеңіп кетіп, бірінші турдан соң екінші орынға көтерілген «Тараз» содан бері сырғи-сырғи көш соңынан бір-ақ шықты.

«Ертіс» – «Тараз» – 2:1

Голдар: Мұртазаев, 16 (1:0). Мане, 34 (1:1). Фаль, 56 (2:1).

«Ертіс»: Лория, Ахметов, Малый, Фрейдгеймас, Есімов, Попов (Алиев, 46), Йирсак, Фонсека, Фалль, Джаллоу (Эррера, 72), Мұртазаев.

«Тараз»: Григоренко, Баялиев, Айтбаев, Воротников, Нұралы, Шахметов, Қараман, Данилюк (Кәрімолла, 83), Сүлей (Әмірханов, 87), Байтана (Әбденәби, 75), Мане.

Ақтөбетағы да пенальтидің арқасында жеңіске жетті

«Ақтөбе» өз алаңында «Атырауды» қабылдап, жеңіске жетті. Ойын тағдырын шешкен жалқы гол тағы да пенальтиден соғылды. «Ақтөбе» қазір 15 ұпаймен бесінші орында тұр. Қоржынындағы осы ұпайларының жартысынан көбіне пенальтидің арқасында қол жеткізді. Нақтырақ айтқанда, 11-метрлік айып соққысының көмегімен «Оқжетпес» пен «Атырауды» жеңіп, «Тараз» және «Ертіс» командалармен тең түсті...

«Ақтөбе» – «Атырау» – 1:0

Гол: Жалмұқан, 74-пенальтиден.

«Ақтөбе»: Отарбаев, Кәкімов (Тотай, 57), Куаджа, Сорокин, Ситдиков, Крюков, Азовский, Петролай, Жалмұқан (Цвейба, 85), Бочаров, Михалёв (Айымбетов, 79).

«Атырау»: Нарзикулов, Балтаев, Мулдаров, Коробкин, Дамчевски, Куртеян, Кузьмин, Қонысбаев, Сапаров (Ламанж, 75), Трытко (Шабалин, 61), Аржанов (Макась, 76).

Тізімге қайта оралу