|   |   |  Васильев пен Уткульбаев баспасөз жиынынан шығып кетті

Васильев пен Уткульбаев баспасөз жиынынан шығып кетті

Васильев пен Уткульбаев баспасөз жиынынан шығып кетті
Фото diapazon.kz сайтынан

Қазақстан премьер-лигасының ІХ-турында “Ақтөбе” командасының бас бапкері мен бас директоры матчтан соң журналистердің сұрақтарына жауап бермей, баспасөз жиынынан шығып кеткен.

Ақтөбедегі diapazon.kz басылымының жариялауынша, «Ақжайық» – «Ақтөбе» кездесуінен соң Юрий Уткульбаев пен Дмитрий Васильев журналистердің сұрақтарын тоспай, баспасөз жиынын өз еріктерімен ерте аяқтаған.

Баспасөз жиыны басында «Ақтөбе» командасының бас бапкері Юрий Уткульбаев:

Ойын туралы айтудың мәні жоқ, басты мақсатымызды орындай алмадық . Біздің ойыншымыз, ұлттық құрама капитаны (Смақов – авт) жарақаттанып қалды. Қатардан қанша уақытқа шығып қалды, айта алмаймын. Сіздермен біздің мақсатымыз – футболды дамыту, құрту емес. Бірақ мынандай алаңда ойнау – нағыз зиянкестік, – деп орнынан тұрып, команданың бас директоры Дмитрий Васильев екеуі сыртқа шығуға бет алған.

Менің сұрағым бар. Сіз қалай ойлайсыз, ойынның аяғы қалай өрбіді, «Ақжайық» 10 рет соққы бағыттады ғой, – деген бір журналист.

Біз сұрақтарға жауап бермейміз, – деген оған Дмитрий Васильев есікке жақындағанында.

Сізге сұрақ қойылды, оны қайда алып бара жатырсыз, ол ересек адам емес пе, – деген баспасөз жиынына қатысушылар.

Юрий Уткульбаев сәл кідіріп:

Ойын туралы айтудың мәні жоқ, алаңға байланысты, – деген.

– Дұрысты алаң салыңыздар! – деп дауыс қатқан Дмитрий Васильев есікті сарт еткізіп.

Мұндайды күтпеген Орал журналистері қапаланып, наразы болып қала берген.


Тізімге қайта оралу