|   |   |  "Екібастұз" бірінші лигада суырылып алға шықты

"Екібастұз" бірінші лигада суырылып алға шықты

"Екібастұз" бірінші лигада суырылып алға шықты
Фото pflk.kz сайтынан

Бүгін футболдан Қазақстан чемпионатының бірінші лигасындағы үшінші тур тәмамдалды. "Екібастұз" шашау шығармай, тоғыз ұпай еншілеп, көш бастады.

Бірінші лигадағы үшінші тур кеше басталған. Жұма күні түс ауа «Астана -Арена» стадионында «Бәйтерек» пен «Қайсар» кездесіп, Қызылорда командасы ірі есеппен жеңіске жеткен болатын

Бүгін қалған төрт ойын өтті. Бұл турдағы негізгі матч, ауызекі тілмен айтқанда, осы лигадағы көпшілік назары ауған кездесу «Мақтаарал» мен «Қызыл-Жар» командалары арасындағы доп додасы болды. Себебі Петропавл клубы көш басында «Екібастұзбен» үзеңгі қағыстырып келе жатқан-ды.

Алайда, «Қызыл-Жар» Атакенттегі «Алпамыс батыр» атындағы стадионда бірінші лиганың маңдайалды ұжымдарының аптықтарын басуға бейім «Мақтааралды» ұта алмады. Тең түсті. Есеп – 1:1

«Екібастұз» (Екібастұз) болса, жаңылар емес. Биыл премьер-лига жолдамасын жеңіп алудан дәмелі бірінші топтың үздіктері сүрініп жатқанда, үй демей, түз демей үш рет жеңіске жетті. Бұл турда Ақтауда «Каспий» командасынан басым түсті.

«Қыран» Қызылордада «Байқоңырды» тізе бүктіріп, екінші жеңісіне қол жеткізді. Ал ғарыш айлағымен аттас Сыр елінің екінші клубы «Каспий» мен «Бәйтерек» секілді жеңілістент көз ашпай келеді.

Шығыстың «Алтайы» бұл турда Теміртаудағы «Металлург» стадионында жергілікті «Шахтер-Болат» командасымен кездесіп, бір доп айырмасымен жеңіске жетті. Сөйтіп, қоржынындағы ұпайы оң шамаға жақындап қалды. Өздеріңіз білесіздер, ҚР Кәсіпқой футбол лигасының шешімімен Шығыс Қазақстан облысы клубынан тоғыз ұпай шегеріліп тасталған...

І-лига. ІІІ-тур. Ойындар нәтижесі:

«Бәйтерек» (Астана) – «Қайсар» (Қызылорда) – 0:3

Голдар: Нәрзілдаев, 6-пенальтиден. Алтынбеков, 48. Сахалбаев, 52.

«Каспий» (Ақтау) – «Екібастұз» (Екібастұз) – 0:1

Гол: Қуанышев, 8.

«Байқоңыр» (Қызылорда) – «Қыран» (Шымкент) – 1:3

Голдар: Дүйсембаев, 1 (1:0). Ермұрзаев, 55 (1:1). Нәбиев, 59 (1:2). Нәбиев, 90+3 (1:3).

«Мақтаарал» (Атакент, ОҚО) – «Қызыл-Жар СК» (Петропавл) – 1:1

Голдар: Ступич, 8 (0:1). Абутов, 48 (1:1).

«Шахтер-Болат» (Теміртау) – «Алтай» (ШҚО) – 0:1

Гол: Шафф, 11.

Үш турдан кейінгі жағдай:



Тізімге қайта оралу