|   |   |  Алтыншы турдың ең үздік ойыншысы – Дмитрий Шомко

Алтыншы турдың ең үздік ойыншысы – Дмитрий Шомко

Алтыншы турдың ең үздік ойыншысы – Дмитрий Шомко
Фото pflk.kz сайтынан

Еліміздегі Кәсіпқой футбол лигасының баспасөз қызметі Instat компаниясы жүргізген сараптамалар негізінде 6-турдың техникалық деректерін жариялады.

Аталған компанияның статистикалық сараптамаларына сүйенсек, футболшылардың жекелей көрсеткіштері бойынша, 6-турда «Астана» клубының қорғаушысы Дмитрий Шомко ең үздік ойыншы болған. Оның бұл турдағы индексі – 246.

Екінші орында – Аруна Лукман (243). ал Абзал Бейсебеков – үшінші (228). Үздік үштіктегі ойыншылардың бәрі де – «Астана» клубының футболшылары.

Айтпақшы, бесінші турдың үздік ойыншысы да осы команданың ойыншысы болған. Нақтырақ айтқанда, өткен жолы Юрий Логвиненко теңдессіз танылған болатын (индексі – 251).

Қақпашылар туралы айтар болсақ, алтыншы турда Саша Стаменковичтің («Оқжетпес») шоқтығы биік болған. Оның индексі – 224. Екінші орында Ненад Эрич («Астана») – 219, ал үшінші орында Владимир Логиновский («Тобол») – 186.

Алтыншы турда қақпаға ең көп соққы бағыттаған «Жетісудың» шабуылшысы Душан Савич болыпты. Ол «Тараздың» қақпасын алты рет нысағана алған, соның үшеуі тура бағытталған. Ал тараздық Малик Маненің еншісінде – 4 (2) соққы.

Қарсыласының қорғанысын «кесіп» өтетін, қолмен қойғандай етіп, тамаша пас беру жағынан алтыншы турда Вячеслав Шарпар («Атырау») үздік шығыпты. Оның осындай сегіз пасының алтауы сәтті орындалған. Ұлан Қонысбаев пен Владимир Аржановтың (екеуі де – «Атырау») қарсыластарын қапы қалдырып, ойдағыдай орындалған пастарының біреуі ғана одан кем түскен.

Тізімге қайта оралу